ТКШ

Тұрғын үй құрылысының жаңа бағдарламасы

 

 

 

Қаржылық дағдарыс құрылыстың қарқынын кемітіп, саудаға салынар пәтер санын азайтқан. Сондықтан үкімет бұл саланы жандандырып, пәтерді қолжетімді ету мақсатында 2010-2014 жылдарға арналған құрылысты дамыту бағдарламасын қабылдады. Бағдарлама үстіміздегі жылдан толыққанды қолға алынған. Тұрғын үй құрылысы жергілікті атқарушы органның қатысуымен жүргізілмек.

  Балахмет Мөлдинов, “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ СҚОФ директоры:

-Республикалық бюджеттен облысқа 500 млн берді. Орны шешіліп жатыр. Бірінші майдан үй салына бастайды. Үй салынып біткен соң пул жасаймыз.

Бұл бағыт бойынша басты талап – пәтерлер саудаға қойылғанша клиенттің есепшотында пәтердің жарты құны-50 пайызы жатуы керек. Қалғанын банк несиелендіреді.  Тағы бір бағыт 20-50-30 кестесі бойынша жүргізілмек. 20 пайыз клиенттің салымы, 50 пайыз Үкімет қаржысы -тұрғын үй құрылыс банкі екінші деңгейлі банктерге 3 пайыздық ставкамен депозитке салмақ, ал алған 30 пайыз екінші деңгейлі банктің қаржысы. Екінші деңгейлі банктердің депозитіне салу үшін Үкіметтен тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 57 млрд теңге бөлінген.

  Балахмет Мөлдинов, “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ СҚОФ директоры:

– Құрылыс компаниясы салып жатқанда пәтер аламын десе, счет ашып 20 пайызын жинайды. Мұнда жоқ мұғалім, дәрігер, мемлекеттік қызметші деген.

Сайып келгенде,  ипотекалық несиенің жылдық ставкасы 12 пайыздан аспауы керек. Салған пәтеріне тұтынушының табылатынына сенімді құрылыс компаниялары да жұмысты жандандырады деген сенім мол. Сондай-ақ банк пәтер құнының елу , не 20 пайызын жинап үлгермегендер үшін аралық және алдын ала займдар енгізу де жоспарлаған. Бұл несиенің пайыздық ставкасын төмендету де қарастырылған.

 Әсем Рахметова