Әр түрлі

Салықты мерзімінде төлеген дұрыс

 

 

 Салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары Салық Кодексінің 85, 86 -баптарында қарастырылған. Оларға жүгінбес бұрын, алдымен  84-бабқа сәйкес салық төлеушіге хабарлама жолданады. Аталған хат алынғаннан кейінгі 5 күн ішінде салық төленбесе нақты шаралар қолданылады.

 Жанат Мендикеев, СҚО Салық департаментінің     жетекші маманының қызметін атқарушы:
– Заңды тұлғаның,  кәсіпкердің, сот орындаушысының не адвокаттың банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылады. Сол сияқты Кодекстің 612-бабына сәйкес салық төлеушінің кассасы бойынша шығыс операциялары тоқтатылуы мүмкін .

Төлемді өндіру тәсілдері мен оны жүзеге асырудың сатылары көп. Соңғысы мүлікке билік етуді мүлдем шектеумен аяқталуы мүмкін.

 Жанат Мендикеев,  СҚО Салық департаментінің  жетекші маманы қызметін атқарушы:
 – Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу төмендегідей тәртіппен жүргізіледі: бірінші, банк шоттарындағы ақша есебінен, екінші дебиторлар шоттарынан, үшіншіден, билік етуі шектелген мүлік өткізу есебінен және жарияланған акцияларды шығару түрінде жеткізіледі.

Кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар негізінен корпоративтік табыс және қосымша құн салығын уақтылы төлемейтін көрінеді. Соның есебінен қолданылып жатқан түрлі шараларға қарамастан алуға бар да, берерге жоқ азаматтар СҚО-да жетерлік деуге негіз туды. Борыштары миллиардтап саналатын кәсіпорындар да жоқ емес. Тек заңға қайшы мұндай әрекеттің ең алдымен өзгеге емес, азаматтардың өздеріне кері әсерін тигізетінін ескерген абзал.

 Кәусар Аяпбергенқызы