Қоғам

Белсенді зейнеткер

 

 
 Жұмаш Қуандықов партиялық жұмысқа саналы ғұмырын арнады. Ауылдық жерде жұмыс жасай жүріп, саяси істен еш уақытта тыс қалған емес. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін қария жас Қазақстанның экономикасының дамуына үлесін қосты. Еңбегі елеусіз қалмады. Қазір қарияның кеудесінде 2 бірдей Құрмет ордені жарқырайды. Ерен еңбегі үшін бірнеше төсбелгілермен марапатталды. 70-ті желкелеген қария жұмыс бабымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен жолыққан кездерді алтын сәт дейді.

 Жұмаш Қуандықов, еңбек ардагері:
– Мен алла жазып Президентпен 5-6 рет кездестім. Әр кездескенім маған жасым үлкен болғанымен үлкен саяси сабақ болды. Біздің Отанымызда қазір тыныштық, ауызбірлік, береке,байлық бар,  осының бәрі Президенттің арқасында.

Құрметті еңбек демалысына шыққаннан кейін де саясаттан тысқары қалған жоқ. 1999 жылы ұйымдастырылған Тұңғыш Президентті қолдауға арналған алғашқы форумда солтүстікқазақстандық делегацияның құрамында да болыпты.

Жұмаш Қуандықов,  еңбек ардагері:
 -Халық сенсе, халық қолдаса, мен өзімді аямаймын, халық үшін аямаймын деді. Қай кезде болмасын халықтың мүддесін қорғауға дайын тұрамын деді.

Қуандық Шайхиддинұлы Елбасының осы сөздерін нақты істермен жүзеге асырып отырғанын айтады. Бұған барша қазақ елі де, жер-жаһан да куә. Жұмаш Қуандықов биылғы Президент сайлауында да белсенділік танытпақшы. Ол Қызылжар ауданы бойынша сайлау комиссиясының мүшесі.

Жұмаш Қуандықов,  еңбек ардагері:
– Біз өткен президент сайлауында  Елбасына 97,4 пайыз бергенбіз. Биылда осы көрсеткіштен асып түспесе, кем болмайды. Президенттің істеген істерінен Қазақстан бай мемлекетке айналды. Сол байлықтың барлығын Президентіміз халықтың өзіне жұмсайды. Сондықтан біз бір ауыздан Президентке даусымызды берсек, ол біздің отанымыздың көркеюіне бергендігіміз. 

Жұмаш Шайхидинұлы Қызылжар ауданында бірінші болып “Нұр Отан” ХДП СҚОФ мүшелікке өтіп,  қоғамдық шараларға әлі де етене араласуда. Еліміздің жарқын болашағы –  жастарға ақыл-кеңес беруден шаршаған емес. Алғаш болып Қызылжар ауданының мұсылман жамағатының игілігіне Бескөлде мешіт тұрғызуға ой салды. Ойын жүзеге асыру үшін Жұмаш Қуандықов ауданда “Қайыр” қоғамдық қорын құрыпты. Нәтижесінде 2005   жылы 150 адамға шақталған намазханасы бар алла үйі қолданысқа берілді.

Жұмаш Қуандықов,  еңбек ардагері:
– Қайырымдылық қоры бүгін де қарап отырған жоқ. Мешітіміз  электрмен жылытылады, соның борышын жабамыз. Алда тағы бірнеше тілектер бар. Қар кете сала мешіттің жанынан асхана саламыз. 

Сондай-ақ бұл қайырымдылық қоры аудандағы мұқтаж жандар мен жетім балалар үйіне демеушілік  жасаумен де айналысады.

Жеңіс Ермұқанов