Мәдениет

Ресейліктер – С.Мұқанов театры сахнасында

 

 

 

С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының сахнасында бұрын-соңды болмаған оқиға орын алды. Екатеринбург мемлекеттік театр институтының студенттері керең-мылқау тілінде тың қойылымды сахналады. Дарынды жастардың бар құралы ым мен ишарат қана. Қойылымда әр түрлі әндер орындалды. Әртістер сол туындылардың мазмұнын қимылмен ашты және аудитория эмоциясына әсер ету олардың қолынан толық келгендей. Көрермендер кейіпкерлерімен бірге күліп те, көздеріне жас алып та отырды. Қойылым режиссері Марина Крашенникова спектакльді сахналау үшін жас актерлермен жарты жылдай жұмыс атқарған.

Алена Злобина,  актриса:
 – Жеңіл болды деп айта алмаймын. Сөзді жаттау бір бөлек жұмыс. Ал оған музыка салып, костюм таңдау басқа мәселе. Бар қиындық та осы жерде басталады.
Елена Забегаева
, актриса:
Залдағы адамдар сенің жеткізгің келген сезіміңді түсінсе, содан артығы жоқ. Басты мақсатымыз да сол – аудиторияға эмоциялық әсер ету.

Студент болса да үлкен сахнада әбден шыңдалып қалған жастар 20-ға жуық ән орындады. Оның ішінде “Зеленоглазое такси”, “Последняя электричка”, “Лебедь белая” туындылары да болды. Әннің мазмұнын қимылмен берген әртістердің өнері көрермендерді ерекше әсерге бөледі. Өнердің мұндай түрі әлемнің басқа нүктелерінде қолданылып жүргеніне біраз болса да, Петропавлда алғаш рет орындалды. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойына арналған көріністі жұртшылық қызыға тамашалады.

Қуандық Қасымов, С. Мұқанов атындағы қазақ  сазды-драма театрының директоры:
– Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай бірнеше шаралар қолға алынды. Соның ішінде Екатеринбургтан театрды шақыруды ұйғардық. Оны біздің режиссер Болат Абдрахманов ұйымдаст
ырды.

Қойылым жергілікті театр әртістерінің де көңілінен шықты.

Нартай Сәрсебаев, С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының әртісі:
– Әрине жаңа тың дүние екені көрініп тұр. Қоғамда мылқау туралы көп айтылмайды. Олар шымылдық артында қалып жатады. Соны осы пъесса арқылы беруге тырысқан.

Кеш соңында барлық әртістер бірігіп халықтық «Коляданы» ойнады.

 

Гүлден Сәрсенбаева