Әр түрлі

Православие дініндегілер ауыз бекітуге әзірленуде

 

 

 

 
Ежелгі Русьтың тұрғындары Күнге табыныпты. Сондықтан Масленицаны ән айтып, би билеп, құймақ жеу үшін бір-біріне қонаққа барып думандатып қарсы алатын. Халық құймақ күннің көзіне ұқсағандықтан оны жеген адам жарық құдыретінің бір бөлігіне ие болады деп сенген екен. Бұл мейрамда қыстың белгісі қарақшыны өрттеу де дәстүрге айналған. Ал шіркеу шарттарына сәйкес осы апта ауыз бекітуге дайындық деп есептеледі.

протоиерей Сергий:
-Бұл күндері сүт, балық, ірімшік, жұмыртқа тағамдарын азық еткен дұрыс. Адам ауыз бекітуге біртіндеп әзірленеді, ағзасын да соған бейімдейді.

Бұл күндері етті пайдалануға болмайды. «Думандатып тойлаудың да қажеті жоқ . Одан да шіркеуге келіп, құлшылық еткен жөн»- дейді протоиерей Сергий.

протоиерей Сергий:
– Егер барлығын дұрыс жасаса, онда алдағы уақытта бұл адамға шынайы қуаныш, бақыт келеді.

Мереке наурыздың 6-сында аяқталады. Ал осы айдың 7-ші жұлдызынан православ сенімдегілерде 48 күнге созылатын ауыз бекіту мерзімі басталады.
Шіркеу ережелеріне сай алғашқы екі және ауыз бекітудің соңғы күнінде астан бас тартқан дұрыс.
Ет, жұмыртқа, сүт тағамдарын және жануарлардың майын мүлдем қолданбау керек. Ақ ұннан пісірілген нан, тәтті дәмдер мен алкогольды ішімдіктерді пайдаланбаған абзал. Ал көкеніс пен жемістерді жеуге болады. Өсімдік майын демалыс күндері, ал балықты жексенбіде тағам ретінде қабылдауға рұқсат етілген.
7-ші апта ең қаталы болып есептеледі. Оның әр күні құдыретті деп саналады. Ауыз бекіту сәуірдің 23-де тәмамдалады. Ал 24-і православ халқы «Воскресение Господне» мейрамын тойлайды.

Айдана Демесінова