Денсаулық сақтау

Офтальмологтар тәжірибе алмасты

Факоэмульсификатор “Инфинити” – көз микрохирургиясындағы жаңашыл технология. Құралдың көмегімен тура көздің жанарына ота жасауға мүмкіндік бар. Енді науқастарға жарты жылға дейін жазыла қоймайтын 5 сантиметрлік көз астындағы тыртықтан қорықпауға болады. Бұндай отадан кейін көру қабілеті міндетті түрде жақсарады. Бағалы құрал катарактаны да жаңа басталған кезінде емдейді. Науқастар пайдалы жабдықтың шипасын “АЙНА-КӨЗ – көз орталығы” денсаулық мекемесінде көре алады.

Любовь Леонтьева, “АЙНА-КӨЗ – көз орталығы” денсаулық мекемесінің бас дәрігері:

 

 

 – Ота үшін қажеттілік үлкен емес. Ең үлкені 2,75 мм. Ең кішкентайы 1-1,2 мм. Яғни бұл операция тесу арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар көзге салынатын жасанды шыны жұмсақ болуы керек.

Ғылымның зор жетістігімен дұрыс жұмыс істеудің тәсілін Астана қаласындағы көз аурулары Қазақстан ғылыми-зерттеу институтының жетекші маманы – Альмира Булгакова таныстырды. Шеберлік сыныбы түрінде өткен пайдалы кеңесті тыңдауға облыс офтальмологтары жиналған. Алайда оларға ота бөлмесіне кіру мүмкіндігі бұйырмады. Хирургтың жұмысын тек видео арқылы ғана бақылауға рұқсат берілді.

Әмина Мәдиева, облыстық аурухананың ординатор-дәрігері:
 – Мен Булгакованың Астана, Алматы қалаларында өткен шеберлік сыныптарында болған едім. Бірақ оған да біраз уақыт өтіп кетті. Осындай мамандардың бізге келгені пайдалы. Көп мағлұмат аласың.

Жаңа технологияның арқасында 7 науқас басталғалы тұрған катарактадан арылды. Бір отаға орташа есеппен 3-4 минут жұмсалды. Дариха  Қощщығұлова  бұндай ем түрін өзіне алғашқы болып қолданғандардың бірі.

Дариха Қощығұлова,  науқас:
– Менде катарактаның пайда болғанына 3 жыл болып қалды. Осы ауру күзде басталған еді. Ота жақсы өткен сияқты. Ештене сезген жоқпын. Енді нәтижесін күту керек. Менің көру қабілетім әлден жақсарып келе жатқан сияқты.

Шеберлік сыныбының соңында дәрігерлер факоэмульсификацияны емдеуге енгізудегі қиындықтарды сөз етті. Әсіресе, көпшілігін қаржы жағы толғандырды.

Гүлден Сәрсенбаева