Әр түрлі

Наурыздағы ауа райы

 

 

 

 Көктем келгенімен табиғат шуағын шашуға асығар емес. Синоптиктердің болжауынша солтүстіктің ызғарлы суығы мінезін айдың соңына дейін танытатын көрінеді. Алғашқы онкүндікте ауа температурасы түнгі уақытта 20- дан 28 градусқа дейін суытса, күндіз – 17 ні көрсетеді. Айдың ортасында да жылы киімді тастамай,  бөкебай оранып жүруге тура келеді. Сынап бағанасы түнде минус 18 күндіз минус 13 градус шамасында тұрақтайды. Күн тек наурыздың соңында жылынады дейді мамандар. Оның өзі тиісті орташа мөлшерден 1 градусқа төмен болмақ.

Гүлзат Ғазизова,  СҚ гидрометеорология орталығының бөлім бастығы:
-Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде 5-10 аязға, күндіз 0-5 жылыға дейін жоғарылайды. Онкүндіктің ортасында түнде 10-15 , күндіз 5-10 аязға дейін төмендейді. Соңында ауа температурасы түнде 0-5 аязға, 3-8 жылға дейін жоғарылайды.

Жауын- шашынның айлық деңгейі мөлшер шамасында, 15 мм-ден аспайды деп күтілуде.

Гүлзат Ғазизова,  СҚ гидрометеорология орталығының бөлім бастығы:
-Бірінші және үшінші онкүндікте қар, бұрқасын солтүстік-батыстан жел соғады. Екінші онкүндіктің басында оңтүстік-шығыстан кей жерлерде 15-20 мс дейін күшейеді.

Осыдан кейін ғана, қардың біртіндеп еритін түрі бар. Синоптиктердің хабарлауынша ауа райының күрт жылуынан және жауын-шашынның мөлшерден көп түсуінен көктемгі тасқын су тек сәуір айында басталмақ.  Синоптиктер соңғы 73 жылда облысымызда ең суық ауа температурасын 1971 жылдың 2-ші наурызында тіркепті. Дәл сол күні сынап бағанасы 35 градусқа дейін төмендеген. Ал үш жыл бұрын наурыздың соңғы күнінде ауа райы 15 градусқа дейін жылынған екен.

 Жеңіс Ермұқанов