Мәдениет

Мұражай қысты шығарып салды

  

 

 

 

Қаһарлы қысқа қош айтып, көңілді көктемді құшақ жая қарсы алу православ дініндегілердің ең ұзақ тойлайтын мейрамы. Бір аптаға созылатын Масленицаның әр күні де түрліше аталады. “Встреча”, “Заигрыш”, “Лакомка”, “Разгуляй”, “Тёщины вечёрки”, “Заловкины посиделки” және “Прощёное воскресениені” атап өтудің өзіндік ерекшеліктерімен оқушылар да танысты.

Ирина Корнилова,  облыстық мұражай бірлестігінің бұқаралық бөлімінің меңгерушісі:
-Бұл мерекені осымен 4-ші жыл атап өтудеміз. Жергілікті халық та қысты шығарып салудың маңызын жақын түсіне бастады. Көбі бізге келіп, мейрамның тарихы жайлы сұрап жатады. Біз де оларды қуана қарсы аламыз.

Аптаның басынан мұражай қызметкерлері қаладағы 20 білім ошағының балаларына құрмет көрсетумен болды. Олар ән айтты, асыр салып түрлі ойындар ойнатты. Бір сөзбен айтқанда, мұндағы ересектерге балалық дәуреннің аса тәтті шақтарын еске салды.
Масленица күндерінің мағыналары әр түрлі болғанымен, атаулары бірдей көңілді. Сәрсенбіні Лакомка немесе Объедуха деп атайды. Бұл күннің басты тағамы, әрине құймақ. Оларды балалар бірден тауысты. Ал “Заловкины посиделки” атауына ие болған сенбі – бал ашу күні саналады екен. Жансұлу Оспанова мейірімді сыған әйелінің рөлін сомдады. Оқушылар шын ниеттерімен келіп, оған түрлі сұрақтар жаудырды.

Жансұлу Оспанова, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері:
аған өзімнің рөлім ұнады. Болашақ жар мен мамандықты бидайға қарап айттым. Бидайықтың дәндері көп болса, отбасы да үлкен болады деген сөз.

Ал жексенбі – кешірім күні. Барлығы бір-біріне деген өкпе-наздарын ұмытып, кешірім сұрайды. Мереке соңында дәстүрге сай Масленицаның қарақшысын өртейді. Осындай көңілді күймен петропавлдық балалар қысқа қол бұлғап, көктемнің шуақты күндеріне сәлем берді.  Ал мұражай қызметкерлері болса енді жаңа жыл- әз Наурызды осылайша көңілді қарсы алуды жоспарлап отыр.

Кәусар Аяпбергенқызы