Құқық қорғау органдары

Браконьерлер қолға түсті

Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Қарақоға ауылының екі тұрғынының заңсыз істері рейдтік шаралар кезінде ашылған.Тәртіп сақшылары аудан орталығы Булаев қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан Барашка селосынан алыс емес жерде қармен жүретін арнайы көліктің іздерін байқаған. Тәртіп сақшылары мен орманшылар ізден айырылмай,  Барашка селосының шетінде орналасқан мал ұстайтын базаға келді. Олардың күмәндары расталды. Қора ішінде аңдардың терілері, сирақтары мен ішек-қарындары табылды. Күдіктілер сегіз бірдей еліктің етін реттеп, қаптарға салып, қораның кіре берісіне жайғастырыпты. Дәл осы жерден қарда жүретін арнайы көлік, оқ-дәрі, бес бірдей аңшы мылтығы және пышақ табылды.  Қазір аң аулауға рұқсат беретін уақыт әлдеқайда өтіп кеткен. Оның үстіне ұсталған азаматтарда аңшылық құжаттары да жоқ болып шықты. Ал кінәлілер өз әркеттерін жай саятшылыққа балап отыр. Тәркіленген қару-жараққа қарап, браконьерлер бұдан да көп болды деген болжам жасауға болады. Сондықтан полицейлер жедел іздестіру шараларын жалғастырамыз деп отыр.

Ғазис Ахметов, СҚО ІІД табиғат қорғау бөлімшесінің бастығы:
– Қазіргі кезде бұл факті бойынша ҚР ҚК 288 бабының бабының 3 тармағы бойынша «Заңсыз аңшылық» қылмыстық іс қозғалды. Бұл баптың санкциясы бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Мемлекетке келтірілген залал 1 миллион теңгеден асып түсті.

Тәркіленген қару және еліктердің еті сараптамаға жіберілді. Ұсталғандардің біреуі механизатор, ал екіншісі еш жерде жұмыс істемейді. Екеуі де қоғамнан оқшаулатылды.

Дана Ғизатова