Жас кәсіпкерлер форумы

Бизнес және экономика

15:35 1 Наурыз 2011

 Алған білімдері мен ұшқыр ойларын ұтымды үйлестіре білген өңіріміздің жас кәсіпкерлері бүгінгі жиынның бас қаһармандары. Халық даналығы “Еңбек түбі береке” дейді. Тынымсыз еңбектерінің арқасында жеке істерін өрге домалатқан бүгінгі заман бизнесмендері бұл нақылдың орынды айтылғандығын нақты істерімен дәлелдеп отыр.

  Махаббат Есімбаева, жас кәсіпкер:
 Мен Осы СҚМУ бітірдім 2008  жылы. Бірден өз ісімді аштым. Бүгін осында келіп жастармен ойларыммен бөлістім. Жалпы оларға айтарым қорықпау керек. Алға басу керек. Мемлекет қазір бізге жақсы шарттар жасап отыр. Бізге көмектеседі. Мен оны өз тәжірибем бойынша білемін.

Елбасы жолдауында республикадағы шағын және орта бизнестің нарықтағы үлесі алдағы 10 жылда 40 пайыздан кем болмауы керектігін баса айтты. Форумда жас кәсіпкерлер мен студенттер бұл мақсатқа жету бағытындағы ойларымен бөлісті. Болашақ кәсіптеріне қажетті кеңестер алды.

 Мирас Әбжанов,  М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:
– Болашақта өзіме өзім жұмыс жасау үшін фирмамды ашып, келнешекте бір іс бастағым келеді.
Сондықтан осындай форумдар үлкен үлес қосады. Өмірде қалыптасқан кәсіпкерлер өздерінің бастамалары жайында, болған қиыншылықтары туралы айтып, бизнесімізді Қазақстанның өркендеуіне бағыттап, алға ғана жүре беру керектігіміз жайлы жайттарды қозғады.

Жиында сондай-ақ “Қазақстанда жасалған” бизнес-жобалар жастар байқауы жарияланды. Қатысам деушілер тың идеяларын маусымның соңына дейін тапсыра алады.

 Данияр Әбутәліпов,  “Нұр Отан” ХДП “Болашақ” филиалы төрағасының орынбасары:
– Негізгі идеясын жүзеге асыру үшін бизнес проектісін бастау керек.
Егерде жеңетін болса бұл бизнес проект авторына комиссия  кеңес береді. Біз оған оны жүзеге асыру үшін әрине көмектесеміз. Басты капиталы болуы керек Түлек болса онда бүгіннен бастап көмектесеміз. Егер 1-ші курс студенті болса онда көмек жасау үшін жоспар құрамыз.  

Отырыста ауыл бизнесін дамыту мәселелері де көтерілді. Алдағы уақытта өңіріміздің елді мекендерінде де байқаулар ұйымдастырып, үздік жобалар жүзеге асырылатын болады.

Жеңіс Ермұқанов