Денсаулық сақтау

Жүрек ауруларымен күрес нәтижелі

  
75 жастағы қария Қази Дәулетбаев қаңтардың 13-нен бері кардиологиялық орталық қабырғасынан тысқары шықпапты. Бірнеше жыл қатарынан жүректің ишемиялық ауруының азабын тартқан ол соңғы 1 айда науқасынан айығып келеді. Бүгінде қария амандықпен қарсы алған әр таңы үшін адам жанының инженерлері – дәрігерлерге алғысын жаудырып отыр.

  Қази Дәулетбаев:
-Операциядан бері 1 ай қозғалыссыз жаттым. Жаратқан бізді дүниеге әкелді, одан кейінгі біздің өмірімізді сақтаушы осылар ғой. Соларға рахмет. Кісіге қарым-қатынастары да

  Қази Дәулетбаев:
-Операциядан бері 1 ай қозғалыссыз жаттым. Жаратқан бізді дүниеге әкелді, одан кейінгі біздің өмірімізді сақтаушы осылар ғой. Соларға рахмет. Кісіге қарым-қатынастары да

керемет.

2 жыл бұрын ашылған орталықта барлығы 9 бөлімше бар. Кардиология бөлімшесінде қазір Қази Дәулетбаев сияқты тыныш, әрі риза көңілмен 22 науқас емделіп жатыр. Германияда шығарылған ангиографиялық құрылғының көмегімен мұнда күн сайын түрлі ауруларға ота жасалады. Қазір операция үстелінде стенокардия диагнозы қойылған науқасқа ұйықтату дәрісінсіз ота жасалып жатыр. Дәрігерлер бір  жарым сағаттан соң ол еркін тұрып жүріп кетеді деп еді, айтқандарындай ота жасалып болған соң науқас Валерий Лисин тілдесуге де жарап қалды.

  Валерий Лисин:
ш бір жерім ауырған жоқ, қазір де өзімді жақсы сезініп жатырмын. Сол үшін дәрігерлерге мыңнан бір алғысымды білдіремін.

Бұған дейін оталар арнайы жіңішке аппаратты шаптан енгізу арқылы жасалған, ал соңғы кезде ол қолдан енгізіледі. Соның арқасында науқас ештеңе сезбейді екен. Мұндай операциялар жүрек қан тамырларының зақымын 98%-ға нақты анықтайды. Орталық мамандары білімдерін жетілдіру үшін жыл сайын шетелде қайта оқыту курстарына жіберіліп тұрады. Сондай білікті маман әрі кардиологиялық орталықтың алғашқы қарлығаштардың бірі Мақсат Құдратоллаев.

  Мақсат Құдратоллаев,  рентген-хирург дәрігер:
2007 жылы біз Қарағандыда Польша, Америка жүрек клиникасында оқып келдік, 2008 жылы 9 ай қайта даярлықтан өттік. Біз келгенде бірден орталық ашылды. Алдағы уақытта балалар кардиохирургиясын дамытуды көздеп отырмыз, электрокардиостимулятор орнатып, сосын жүректің клапандық аппаратына операция жасау және аяқ-қол артерияларынан остантирование жасауды алға қойып отырмыз.

Аталмыш орталық Үкіметтің «ҚР 2007-2009 жылдарға арналған кардиохирургиялық және кардиологияны дамыту» бағдарламасының аясында ашылған болатын. Биыл оған республикалық қазынадан 773 млн 446 мың теңге бөлінсе, жергілікті бюджеттен 15млн 219 мың беріліпті. Жүрек  ақауына шалдыққандарға 49 дәрігер мен 157 медбике қызмет көрсетеді. Ашылған жылы орталықтың бірнеше дәрігері пәтер кілттеріне де ие болған екен. Олар бұндай жағдай жасап жатқан Елбасының саясатына риза.
 

Кәусар Аяпбергенқызы