Спорт

Шекарашылар арасындағы біріншілік



 

  Мейір Кенжебаев  Солтүстік аймағының құрамасына енген білектілердің қатарында. Өткен жылы Қазақстан Республикасының чемпионы атанып, Украинада ұйымдастырылған сайыста 3-орынға ие болған екен. 22 жастағы сайыскер спорттың адамға тигізер пайдасы зор дейді.

  Мейір Кенжебаев, жарысқа қатысушы:
Шекарада әр түрлі жағдайлар болады. Ол жерде жүгіре де алу керексің, күшің де болу керек деген сияқты. Секіре де алу керексің. Өз қызметімде де көмегін тигізеді.  

Ал Оңтүстік аймағының намысын қорғап келген Алексей Беляев болса ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жеткен жоқ. Алайда бүгінгі сайыста көрсеткен нәтижесі жаман емес. Алексей 64 келілік гірді 35 мәрте көтеріп, өз салмақ дәрежесіндегі қатысушылардың арасынан озып шықты
 

 Алексей Беляев,  жарысқа қатысушы:
– Оңтүстік аймақтың намысын қорғап отырмыз.
Онда спорттың бұл түрі жаңадан ғана дамып келеді. Солтүстіктің білектілері мықты. Сондықтан да олармен бәсекелесу біз үшін қиын.

Шекарашылар арасындағы біріншілік жыл сайын спорттың 10 түрінен өткізіледі. Гір көтеру түрінен ұйымдастырылып жатқан чемпионат 7 команданың 60-тан астам спортшының басын қосты. Қатысушылар 8 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасты.

  Дәурен Мұқан,  тәрбие және әлеуметтік құқық бөлімінің офицері:
 Бұл жарыстың мақсаты – біздің шекарашыларымыздың спортқа деген деңгейін жоғары көтеру. Еліміздің көптеген қалаларынан келді жарысқа қатысушылар. Айта кететін болсақ: Оңтүстік өңірден, солтүстік өңірден, шығыс өңірі, батыс өңірінен және батыс өңірінде орналасқан жағалау қызметінің шекарашылары келді.

Жеңімпаздар гір көтеру спорты бойынша Қазақстан Республикасының шекарашылар құрамасына мүше болып, еліміздің намысын Украина мемлекетінде қорғайтын болады.

 Айдана Демесінова