Қоғам

Нұрсұлтан Назарбаевты қолдау штабы

 

 

 

 

 Сайлауға дейінгі уақыт аз. Сондықтан болар жаңа штабтағы жұмыс та қызған. Н.Назарбаевты қолдау штабының құрамында 35 адам тіркелген. Әрқайсының міндеттері айқындалып, 8 бағыт бойынша жұмыс істеу жоспарланған. Тұрғындармен кездесулермен қатар қоғамдық қабылдаулар да ұйымдастырылмақ.

  Николай Черновол,  Н.Назарбаевтың Петропавл қалалық штабының төрағасы:

-Әрбір азамат қоғамдық қабылдауға келіп, арыз -өтінішін әкеле алады. Біз бұл өтініштерді іріктеп, республикалық штабқа жөнелтеміз.

Штабтағылар үгіт-насихат ұйымдасқан түрде жүргізілетіндігіне сенімді. Еліміздегі бүгінгі әлеуметтік -экономикалық жетістіктер салыстырмалы түрде сенімді тұрғалар жұмысын жеңілдетпек.

  Жасұлан Ахметов, Н.Назарбаевтың Петропавл қалалық штабы төрағасының орынбасары:

– 2005 жылмен салыстырсақ, экономикамызда, халықтың тұрмысына үлкен ілгерілеушілік бар. Еліміздің жетістіктерін халық көріп отыр. Сондықтан, бұрынғыдай аста-төк шығын шығарудың қажеті жоқ.

Штабтағылар сайлауалды үгіт -насихат жұмыстарының қоғамдық ұйымдар, мекемелердегі кездесулермен шектелетіндігін айтады. Үлкен митингілер мен шерулер үшін арнайы орындар белгіленгенмен штаб мүшелері “Есіктен –  есікке” сияқты шағын акциялармен шектелмек.

  Әдия Ахметова, Н.Назарбаевтың Петропавл қалалық штабы мүшесі :

-Әрине кездесулер болады. Бірақ шоу, үлкен мерекелердің қажеті жоқ деп ойлаймын.
Сенімді тұлғалардың тізімдері бекітілген. Бұл жолы олардың саны 260. Жұмысқа еріктілер де қосылады.

Әсем Рахметова