Білім

Болашақ маман – бәсекеге қабілетті болуы керек

 

 

 

 

Бүгінгі ұрпақ – еліміздің ертеңі. Сондықтан бәсекеге қабілетті, білімді де білікті маман даярлау мәселесі басым бағыттардың бірі. Елбасы жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында білім беруді дамытуға айырықша көңіл бөледі. Бұл саланы жаңғыртуда үлкен жұмыстар тындырылды. Енді басталған істі жалғастыру міндеті тұр.   Бүгінде елімізде білімнің сапасын арттыруға ерекше мән беріліп отырғанын айту керек. Бұл ретте жоғары оқу орындарындағы білім деңгейін көтерудің маңызы айырықша. Облысымыздағы іргелі оқу орны – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де аталған бағытта жетістіктер баршылық. Студенттердің жақсы білім алып, өз мамандығының қыр-сырын тануға тиісті жағдай жасалып жатыр дейді М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері Назгүл Қазанова мен Айнұр Тұрғын  
Студенттерді білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қуантпай қоймайды. Кейінгі толқынның шетелде білім алуына мүмкіндік жасалуда. “Болашақ” бағдарламасы бойынша қаншама талапты жас әлемнің озық жоғары оқу орындарында білім қуып жүр. Шетке шыққысы келмейтіндер жаңа Назарбаев университетінде халықаралық талаптарға сай мамандық меңгере алады. Шәкіртақының жыл сайын көтерілуі студенттерді айырықша қуантады дейді осы оқу орнының студенті  Ботагөз Тауқұдіретова  да.  Бүгінгі таңда елімізде жастардың парасат пайымы биік, жан-жақты тұлға болып қалыптасуына бар мүмкіндік жасалуда. Тек енді кейінгі буынның зор ынта танытып, еңбектенгені жөн.

Айымгүл Әбілева