Әр түрлі

Жұмысшы кентіндегі қыспен қоштасу мерекесі

 

 

 

 

«Петропавл-Алматы» сауда кешенінің өкілдері ұйымдастырған мейрамда жиылған жұрт көңіл көтеріп қана қоймай, тегін түрлі тағамдардың дәмін татты. Мұнда мерекенің басты асы  – құймақ, сондай-ақ тәтті дәмді, ыстық шай, әзірбайжандық палау да тегін таратылды.

Бахтияр Абдуллаев, «Петропавл-Алматы» сауда кешенінің директоры:
– Халық алыс жерлерге бармасын деп мерекені осында жасадық. Өзге мейрамдарды да осылай тойлаймыз деп ойлаймын. Барлығын мерекемен құттықтағым келеді.

Облыс әкімі Серік Біләлов «Петропавл-Алматы» сауда кешенінің өкілдері өткізген тойдың құрметті қонағы болды. Мекеме қызметкерлері өңір басшысына сауда сөрелеріндегі тауарларын көрсетіп, болашақтағы жоспарларымен бөлісті. Жақын арада мұнда тәулік бойы жұмыс істейтін дәріхана ашылады. Ал осы жылы жаңа мешіттің құрылысы басталмақшы. Сонымен бірге қоғамдық монша салу да жоспарлануда. 2010 жылы мұнда өзгерістер көп болды. «Петропавл- Алматы» сауда кешенінің көлемі 1500 шаршы метрге дейін ұлғайды. 40-қа жақын жаңа бутик ашылды. Енді петропавлдықтар қолжетімді бағаға өз талғамына қарай шілтер шымылдық, перде ала алады. Сондай-ақ бұл сауда орталығынан автомобильдің қосалқы бөлшектері, қолшатырлар, жіптер, әмиян мен түрлі қолғаптарды да табуға болады. Ағымдағы жылы аумағы 30 шаршы метр болатын 50 бутик құру жоспарланған. Петропавлдың бизнес өкілдері нысанның бірқатар жалға алу мүмкіндігіне ие болып отыр.
Ал бүгін мұнда – әсем  ән мен би, көңілді сайыстар. Осындай шаттыққа толы мейрам Жұмысшы кентін думанға бөледі.

Тұрғындар:
– Бүгін міне Жұмысшы кентінде қысты шығарып салып жатырмыз. Бәрі жақсы болсы, бәрі ойдағыдай болсын!
– Осы жерде той болып жатыр, ойын болып жатыр. Бахтияр Абдуллаев келгелі. Біз міне ризамыз, Жқмысшы кентінің халқы. «Алматы-Петропавл» базарындамыз. Бәрі арзан, бәрі жақсы. Халыққа жағдай жасалған әр уақытта.

Айдана Демесінова