Әр түрлі

Мәуліт – Мұхаммед Пайғамбардың туған күні

 

 

 

 

Мерекеге жиналған жамиғат алдымен Мұхаммед пайғамбарға арнап қол жайып, құран оқыды. Алланың адамзат баласына жіберген соңғы кітабы “Құранды” халыққа насихаттап, ислам дінінің негізін салған Мұхаммед пайғамбар осыдан 14 ғасыр бұрын өмір сүрген. Ғалымның артына қалдырып кеткен өсиеттері ұлан-ғайыр. Хадистерінің барлығы пәктікке, бірлікке шақырады. Мәуліт мерекесі пайғамбарымыздың туған күні. Оны атап өту арқылы, ғалымның тастап кеткен рухани азығын ұрпақтарына жеткіземіз дейді облыстың бас имамы Қасымхан қажы Абдоллаұлы.

Қасымхан Абдоллаұлы,  «Қызылжар» мешітінің бас имамы:
Тәуелсіздіктің 20 жылында халық білді, түсінді, дастархан жайылады. Мұқтаждарға көмек береміз. Салауат айтылады. Салауатты көп айтса, алла тағала мәртебесін өсіреді. Мәулітте адамға қажетті көп дүние бар.

Жалпы әлемнің мұсылмандары Мұхаммед пайғамбардың туған күнін 1 ай көлемінде тойлайды. Әнуарбек қажы Жүнісов Сібір Федералдық округының мүфтиі. Олар өздерінде Мәуліт мерекесін атап өтіпті. Енді жергілікті халықтың қуанышына ортақтасу мақсатында Петропавлға келген.

Әнуарбек қажы Жүнісов:

-Қымбатты қазақстандықтар, сіздерде дін дамып жатыр.  Соған біз сырттан қарап қызығамыз. Жақсылықтың басы басталып жатыр, бірге тілек қылайық. Бұл дүниеден өтсек, жұмақтан нәсіп етсін деп келіп отырмыз .

Мерекеге жиналған халық пайғамбарға салауат айтты. Осы жерде құран оқудан жарыс өтті. Исламды уағыздау жолында елеулі еңбек еткен жерлестеріміз алғыс хаттармен марапатталды. Пайғамбардың өсиеттерін тыңдауға жиналған жамиғат риза болып тарқасты. Олар мұндай шаралардың ұрпақ тәрбиесінде берері мол десті.

Тұрғындар:
-Балаларыма үйретіп отырамын. Олар Мәуліт мерекесінің маңызын жақсы түсінеді. Өзім де намаз оқимын, діннің жолында жүрген адаммын.
– Ислам туралы қазір жастар көп біле бастады. Бұндай мерекелердің жастарға пайдасы зор. Оны өзім де көріп жүрмін.

Дана Ғизатова