Спорт

Банкирлердің шаңғы жарысы

Кәсіптік -педагогикалық колледж алдына жиналғандар спортшылар емес. Кәдімгі банк қызметкерлері және бұл жарыс олимпиада емес, қысқы банкиада. Шаңғы тебудің спринт, эстафета, жеке біріншілік түрлері бойынша өткелі тұрған жарысты облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов ашып, құттықтады. Шаңғыларын сайлап, сапта тұрған банк қызметкерлерінің жалпы саны 170 адам. Олар 18 банктің өкілі. Осы жолғы жарысты ұйымдастыру құқығы «Альянс банкке» бұйырды.

Вадим Никулин, «Альянс банк» АҚ бөлшектеп сату бизнесі директорының орынбасары:
– Жарысты ұйымдастыру оңай болған жоқ. Себебі бізде 18 банк бар. Оларды бір жерге жиып, трассаны  дайындау жеңіл тапсырма болды деу қиын. Бірақ меніңше бәрі жақсы деңгейде өтуде.

Бастапқыда банк қызметкерлері байрақты доданы наурыз айында өткізбек болған. Алайда ұйымдастырушылар синоптик мамандарының болжамына сәйкес көктеммен бірге шуақты күндердің бірден келетінін естіген. Сондықтан қар кетпей тұрғанда банкирлер аяққа шаңғы байлауды ұйғарған. Сайыскерлердің мақсаты бір. Әрине, мәре сызығына бірінші болып жету.

 Анар Тюлькина, «БанкЦентрКредит» АҚ СҚОФ қызметкері:
– Мен бұл жарысқа алғаш рет қатысып тұрмын. Жалпы мұндай жарыстар пайдалы. І орын алуға тырысамыз.
Евгения Юхименко,  «Альянс банк» АҚ СҚОФ қызметкері:
 – Әрине біз І орын алуға тырысамыз. «Альянс банк» өткен жылы 4-ші орын ғана алған болатын. Осы жолы жақсылап дайындалдық.

Бұл жарыс дәстүрге айналған. Салауатты өмір салтына берік банк қызметкерлері жарыс жолына жиі шығып тұрады.

Жомарт Қажрахимов,  ҚР Ұлттық банкінің СҚОФ директоры:
 – Биыл 18 март Петропавлда пайда болған 1-ші банкке 140 жыл толып отыр. Бұл Қазақстан аумағындағы 1-ші банк. Сондықтан мақтан етеміз.

Сайыс аяқталысымен төрешілер жеңімпаздарды анықтады. Ортақ шешімге сәйкес «Альянс банк» І орынға лайық деп табылды.  Бірінші орын сыйлығы – нетбук  2011 жылғы ақ Азиада жеңімпазы Аслан Тоқбаевқа берілмек. “Ұлттық банк” пен “Қазпошта” ұтып алған кеңселік техника спортта дарынды балаларға арналған интернат пен СҚ кәсіптік- педагогикалық  колледжіне табыс етілді.

Гүлден Сәрсенбаева