Спорт

Автошабандоздар жарысы аяқталды

                                                   

 

 

 Чемпионат Қазақстан және көршілес Ресей елінен келген 13 шабандоздың басын қосқан болатын. Әр сайыскер 5 кездесуде шеңберді 5 мәрте айналуы тиіс еді. Жарыс 3 кезеңнен тұрды. Соңғы ақтық сайыс біздің өңірде ұйымдастырылды.

Владимир Ячкуринский,  жарыстың бас төрешісі:

-Айналымда 1-ші келген шабандоз 4 ұпай алады. Қалғандары сәйкесінше 1, 2 ұпайға кем бағаланады. Біздің спортшылар еншілеп келеді. Енді алтын жүлдеге ие болу үшін көп еңбектеніп, тырысу қажет.

Автожарысқа ресейлік шабандоздардың қатысуы – шиеленіс пен бәсекенің артуына ықпалын тигізді. Қонақтардың ішінде жақсы нәтиже көрсеткендердің бірі – Игорь Усов. Ол ралли бойынша Ресей чемпионатының қола жүлдегері атаныпты. Алайда Қазақстанда өткен сайыста сәл мүлт кетті.

 Игорь Усов,  Омбы қаласының автошабандозы:
 -Бұл ипподромға мен 1-рет келіп отырмын. Маған мұнда ұнады. Егер де шақырса, тағы да қуана келерміз.

Тректік автожарыста астаналық шабандоз Тимур Оразақов чемпион атағына ие болды. Бұл – Тимурдың бірінші жеңісі емес. 2006 жылғы ел біріншілігінде астаналық спортшыға тең келер қарсылас табылмапты.

Тимур Оразақов
, қысқы тректік автожарыстан  ҚР чемпионы:
 – Бұл авто жарыс Қазақстандағы спорттың осал еместігін көрсетіп отыр. Бүгін 1-орын алдық. Авто жарыс – спорттың қызықты әрі қиын түрі. Жақсы көрсеткішке жету үшін мол еңбек керек. Көп жаттығу қажет.

Көкшетаулық спортшы Михаил Загороднев 2-орында тұрақтады. Ал Омбы қаласының шабандозы Игорь Усов үздік үштікті тұйықтады.

Айдана Демесінова