Әр түрлі

АХАЖ органдарының мерейтойы



 

 
Азаматтық хал актілерін  жазу органы құрылмас бұрын оның міндетін еліміздегі шіркеулер мен мешіттер орындап келген. Кейін үкімет бұл істі заңдастырып, арнайы мемлекеттік орталыққа жүктелді. 

Гүлнара Қожахметова,  СҚО әділет департаменті бастығының орынбасары:
– Осыдан 90 жыл бұрын 1921 жылдың 5 наурызында ҚР азаматтық хал актілерінің жазбалары органын құру туралы тарихи шешім қабылданды. Сол мақсатты орындауда еліміз талай күрделі оқиғаларды бастан кешірді.

Бүгінгі күні азаматтық хал актілерінің жазбалары органынсыз белгілі бір тұлға жайында, оның отбасы жағдайы туралы ақпаратты алу мүмкін емес.
Себебі  барлық адам осы органға тіркеуге алынады.

 Степан Зайтлер,  СҚО әділет департаментінің бастығы:
-Туу, өлу, үйлену, айырылысу, аты-жөніңді ауыстыру – бәрі  азаматтық хал актілерін  жазу  органында тіркелуі керек. Мұндай оқиғалар мен фактілер заңды маңызға ие. Бұл азаматтық тұлға жағдайын білуге үлкен көмек.

Бұның қоғам үшін не маңызы бар десеңіз? Демографиялық саясат аталған мемлекеттік мекеме мәліметтеріне сүйенеді. Бүгінгі күні халықтың азаматтық жағдайын анықтауға арналған жұмыс электрондық мұрағат арқылы сәтті жүзеге асуда. Компьютерлендірілген мекеме өз клиенттеріне жедел, әрі сапалы қызмет көрсетеді. Десек те, еңбек жолын бұдан бірнеше жыл бұрын бастаған мамандарға келсек, олардың жағдайы сәл ауырлау болған еді. Ол кезде барлық құжаттар қолмен толтырылып, тігілетін. 90 жылдық мерейтойға арналған кездесуге осы жағдайдың шетін көрген, сол кезеңнің қиындығына табандылық танытқан майталмандар жиналды. Кем дегенде 30 жылдық еңбек өтілі бар жұмыс озаттары айтулы шараның басты қонақтарына айналды. Ардагерлер өткен жылдарды еске алып, біраз шерлерін тарқатты. Кейін абыроймен зейнетке шыққан мамандарға сыйлықтар тарту етіліп, концерттік кеш ұсынылды.

Гүлден Сәрсенбаева