Әр түрлі

Отанында орнын тапқан оралман

Президентіміз шетте жүрген қазақтарды  Отанына қайтару жөнінде шешім қабылдағанда, тәуелсіз еліміздің іргесін қалауға көмегін тигізуге ниет танытқан бауырларымыз аз болған жоқ. Осындай мақсатпен алғашқы болып көш бастағандардың бірі – Серхан Батай. Оның солтүстік аймаққа қоныс тепкеніне 18 жылдай болып қалған. Мұнда мамандығына сай жұмыс та табылды. Ол Қазақстанға келгеннен бері мемлекеттің қолдауын үнемі сезініп келемін дейді. Бүгінгі күні Серхан Батайдың отбасында 3 бала өсіп келеді. Екі ұлы мемлекеттік грант арқылы мамандық меңгеруде. Кенжесі 4 сыныпта оқиды.

Серхан Батай,  Қожаберген жырау атындағы № 6 орта мектептің технология пәнінің оқытушысы:
– Ата жұртқа шақырып жатқан соң елге келдік. Еш өкінбейміз. Жағдайымыз жақсы. Туған-туыстарыммен келдім. Барлығымыз баспана алдық. Бәрі жұмысқа тұрды. Ел қатарлы еңбек істеп жатырмыз.

Монғолияда ата-бабаның кіндік қаны тамған Қазақстанға көшіп келгісі келетін қандастарымыз көп дейді Серхан аға. Елбасының салиқалы саясаты оралмандардың бүгінгі қоғамға ілесіп, оның ағымынан қалмай өмір сүруіне мүмкіндік береді. Қазір “Нұрлы көш” бағдарламасы жүзеге асырылуда. Кезінде шетел асып кеткендерді туған топырағына қайтарып, оларға әлеуметтік көмек ұйымдастыруда бұл бағдарламаның  ролі зор. Алғашқылардың қатарында Моңғолиядан елімізге оралған Серхан аға Елбасының бұл бастамасына риза.  

 -“Нұрлы көш” өте жақсы бағдарлама. “Нұрлы көшпен” келгендер баспана мәселесімен қиналмайды. Жұмысқа орналастырылады. Бәйтеректе жаңа технологиямен үйлер салынған. Онда бау-бақша бар. Тіпті өз кәсібіңді дөңгелете де аласың.  

Отандастарымен қайта қауышқан Серхан Батай мемлекеттен берілетін жәрдемге ғана қарап, қол қусырып отырған емес. Бүгінде жерлесіміз ұлттық өнерімізді жаңғыртып, ағаштан түйін түйіп жүр. Өзі еңбек ететін білім ошағында оқушыларды қазақтың төл өнері – ұсталық, ісмерлікке баулитын ұстаз шәкірттерінің ықыласына ие. Бос уақытты тиімді өткізуге шақыратын Серхан ағаға жастар үйір.

  Игілік Алғалиев, Қожаберген жырау атындағы № 6 орта мектеп оқушысы:
 -Бізге ағай көп нәрсеге үйретеді. Әр түрлі бұйымдар жасаймыз. Облыстық сайысқа алау жасадық. Ағай көмектесті.

Серхан Батай Қазақстан азаматтығын алып, ата-бабасы аңсаған арманға қол жеткізген қандастарымыздан  әлі де шетелде жүрген қаракөздер үлгі алса дейді.

Гүлден Сәрсенбаева