Қоғам

Өлке тарихына арналған конференция

 
 

 

 

 

Облыстық “Өлкетанушылар” қоғамының өкілі Вера Яворская Солтүстік Қазақстан облысының топырағы түлеткен,  алты алаштың намысы мен мүддесін қорғаған тұлғаларды зерттеумен айналысады.
 

Вера Яворская, СҚО”Өлкетанушы” қоғамының мүшесі:
– Өңіріміздің біртуар жандарының тәуелсіздік алу жолындағы еңбектері зая кеткен емес. Бүгінде егеменді еліміз толағай жетістіктерге жетіп отыр. Қазір Қазақстанның әлемдік аренадағы беделі жоғары. Ең бастысы отандастарымыздың әл- ауқаты біршама жақсарды. Бай,қуатты елдің бейбіт аспаны астында ғұмыр кешудеміз.  

“Туған жер” атты ғылыми конференцияны  ұйымдастырушы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ұжымы да өткенсіз бүгін жоқ, әсіресе кіндік қаны тамған жеріңнің шежіресін өскелең ұрпақтың білуі маңызды дейді.

 Зәуре Қартова,  М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Қазақстан тарихы және философия пәндерінің оқытушысы:
-Бұл конференцияның негізгі мақсаты да, міндеті де жас ұрпақты туған өлкенің тарихымен таныстырып, 20 жылдық мерейтой қарсаңында тарихи тұлғалардың есімдерін қайтадан оралту.

Сондай-ақ танымдық жиында өлкенің әсем табихатының ерекшелігі, тарихи ескерткіштер мен елді мекендердің құрылуы, ғылымның дамуы жайы сөз болдв. Сондай-ақ студенттерге тәуелсіздік жылдары білім саласының қандай дәрежеге жеткендігі айтылды.

 Алтын Алтаева, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:
– Тәуелсіздік бізге жақсы, сапалы білім алуымызға мүмкіндік беріп отыр. Осы алған біліміміз біздің өміріміздің жарқын болашағы, үлкен тірек болады.

Кездесудің екінші бөлігі М. Қозыбаев атындағы СҚМУ тарихына арналды.

Жеңіс Ермұқанов