Балалар

Жастар заңнамаға өзгеріс ұсынды

 

 Сондықтан ол құжатты қалыптастыруда жастардың өздері белсенділік танытқандары жөн. Осы орайда жастар үшін өз ұсыныстарын айтып қалатын тамаша мүмкіндік туды. Қазіргі заң бойынша   29 жасқа дейінгі азаматтар ғана жастар деп саналады. Жиынға қатысушылар бұл мөлшерді 32 жасқа дейін ұзартуды ұсынды. Оның бірқатар себептері бар.

  Самат Жәкенов, “Жас Отан” жастар қанаты қоғамдық бірлестігінің СҚО бойынша филиалының атқарушы хатшысы:
– Қазақстандағы отбасын құрудың орташа жасы 25-27- нің аралығы. Отбасында көбінесе бала 28-29 жас шамасында пайда болады. Дәл осы кезде азаматтар мемлекет қамқорлығынан шығады. Мемлекет жастарға ұсынатын көптеген жеңілдіктерден де айырылады. Сондықтан бұл шектелімді көтеру керек.

Көптен бері көптің көкейінде жүрген тағы бір мәселе  – студенттерге қоғамдық көліктерде жүру жеңілдіктерін беру. Бүгінде Қазақстанда не бары 6 қалада студенттер мұндай жеңілдікті пайдалана алады екен. Ал ЖОО дипломымен жұмыс таба алмайтын жастардың мәселесі тіптен ауқымды. Бұл ретте  “Дипломмен – ауылға” бағдарламасына қатысты  да мәселе көтерілді. Ауылдан квота бойынша оқуға түскендер мемлекет шығынын қайтаруы керек деген пікір білдірілді.  Жиналғандардың бірі жастарға тегін медициналық көмек көрсету мекемелерін ашу қажеттігін алға тартты. Өйткені зиянды әдеттерге тез бейімделіп, ауруға шалдығатындардың негізгі бөлігі – жастар. Облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов келешекте ел тұтқасын ұстайтын лайықты қауымды қалыптастыруға бағытталған осындай ұсыныстарды тыңдап шығып, ішкі саясат басқармасына тапсырма жүктеді.

Фархад Қуанғанов, СҚО әкімінің орынбасары:
-Отырыс қорытындысы бойынша Ішкі саясат басқармасына жастар ұйымдарымен бірлесе отырып,  осы сұрақтарды қайта қарап шығуға және оларды ҚР заң актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс тобына жіберуді тапсырамын.

Кәусар Аяпбергенқызы