Kurultai banner mobile

Мәдениет

Жас суретшінің жеңісі

 

 

13 жасар Александр Власов үшінші жыл өзінің бос уақытын  бейнелеу өнері лицейінде өткізеді. Ол   акварельді жақсы көреді.  Президенттік «Балдәурен» лагерінде өткен  байқауға апарған  11 туындысында да негізінен осы бояуды қолданған.  «Менің қалам», «Дала», «Суасты әлемі»  сияқты суреттер жоғары бағаланса,  «Ғарыш»  деп аталған  туынды  лагерь мұрағатында сақталатын болды.   «Тау пейзажын» қазылар 300  жас суретші әкелген туындылардың ішіндегі таңдаулысы деп танып, екінші орынның дипломын тапсырды. Лицей ұжымы шәкіртін мақтан етеді.