Қоғам

Елбасының жолдауын насихаттаушы топ жергілікті құтқарушылармен кездесті

   
 

 

 

 

“Болашақтың іргесін бірге қалаймыз” атты Президенттің биылғы жолдауы еліміздің 2020 жылға дейінгі даму бағыттарын айқындап отыр.  Оны жүзеге асыруға құтқарушылар да өздерінің үлестерін қосуға әзір.

 Серік Әубәкіров,  ҚР ТЖМ Өртке қарсы күрес комитетінің төрағасы:
– Төтенше жағдайлар министрлігі біріншіден әлеуметтік орган деп санаймын. Өйткені құтқарушылар отандастарының қауіпсіздігін, өмірін, денсаулығын, мүлкін сақтау арқылы әлеуметтік қызмет қөрсетеді.

Жиында Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге қатысты ұлан-ғайыр жұмыстың тындырылатыны айтылды. Медицина саласында жасалатын реформа құтқарушылардың жұмысына да ықпалын тигізеді.

Серік Әубәкіров,  ҚР ТЖМ Өртке қарсы күрес комитетінің төрағасы:
 2015  жылға дейін уақтылы медициналық жәрдем көрсету үшін санитарлық әуе қызметінің материалдық техникалық базасы күшейтіледі. Бұл мақсатта 16 жаңа тікұшақ қарастырылған.  

Бүгінде теміржол рельстеріне сапалы медициналық көмек көрсететін екі арнайы жедел поезд қойылыпты.

Серік Әубәкіров,  ҚР ТЖМ Өртке қарсы күрес комитетінің төрағасы:
“Денсаулық” және “Парыз” поездарының іске қосылуының арқасында шалғайда жатқан елді мекендердің тұрғындарына сапалы жәрдем жасалуда. Барлық қажетті құралдармен жабдықталған жылжымалы медициналық темір жол нысандары былтыр жыл таңдауы байқауында үздік әлеуметтік жоба аталымына ие болды.  

Халықтың ықыласына бөленген жобаға алдағы уақытта енді бір әмбебап поезд қосылмақ. Бұл еліміздің бар аумағын қамтуға жеткілікті дейді мамандар. Жиын соңында жолдаудың жүзеге асуына құтқарушылар бір адамдай атсалысатындықтарын жеткізді.

  Ораз Қаршалов, СҚО ТЖД «Өрт сөндіру және апаттан құтқары қызметі” ММ бастығының орынбасары:
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  халыққа жолдауын жақсы қабылдадық. Соның бәрін біліп отырмыз. Бұл өте үлкен жұмыс. Алдағы он жылда не істеу керекпіз, әсіресе қазақ тілін көтеру  – соның бәрі осы жолдауда көрсетілген. Өртке қарсы күрес қызметінің сарбаздары еңбегімізді аямай, еліміз бен Елбасына жақсы қызмет көрсетеміз деп ойлаймын.

Жеңіс Ермұқанов