Білім

Экономикалық білім олимпиадасы

   

 

 

 

“Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясының қолдауына ие болып отырған турнир аймағымыздың 47 мықты оқушысын жиды. Мұнда 9-шы, 10-шы және 11-сынып оқушылары экономика саласында білімдерін сынамақ. Жарыста сайыскерлердің теориялық және практикалық білімдері сарапқа салынады. Балалар теориялық жағынан жақсы нәтиже көрсетсе де, тәжірибе жағы біраз ақсап тұрған көрінеді.

 Жанар Тұралина,  экономика ғылымдарының кандидаты, әділқазылар алқасының мүшесі:
– Осы сайыстың мақсаты – экономика саласы бойынша ең дарынды балаларды ашу, табу. Жыл сайын өткізетін сайыстардың сапасы жоғары болып жатқанымен балалар есепті нашар шығарады.

Марлен Иманқұлов қазақ-түрік лицейінің намысын қорғап отыр. 7-сыныптан бастап оқушы бұл салаға көп көңіл бөле бастаған. Марлен түрлі интеллектуалдық жарыстардың білімді тереңдете түсуге септесетіндігін айтады.

  Марлен Иманқұлов, турнирге қатысушы:
– Маған экономика пәні өте ұнайды. Бүгін менің мақсатым – облыста 1-орын алу және Республикада жақсы нәтиже көрсету.

Ал Альбина Сартаева бұл сайысқа бірінші рет қатысып тұрған жоқ. Өткен жылы облыстық додадан үздік атанған. Биыл да сол жетістігін қайталап, ел деңгейіндегі турнирде өңір намысын қорғауды көздеп отыр.

  Альбина Сартаева, турнирге қатысушы:
-Өткен жылы қарсыластарым мықты болды. Биыл да осал болмас. Алайда осы жолы жақсырақ дайындалдым. Алдыма қойған мақсатыма жетемін деп үміттенемін.

10-11-сыныптардың  4 үздік оқушысы Алматы қаласында өтетін олимпиадаға қатысады.  Республикалық жарыстың жеңімпаздары Қазақстан-Британ университеті мен Халықаралық бизнес академиясының грантына ие болуы мүмкін.
Өңірлік турнирде Нұргүл Рахымжанова, Юнус Мұсаев, Руслан Фехрединов және Евгений Рацин үздік ден танылып, республикалық сынға жолдама алды.

Айдана Демесінова