Қоғам

Сыртқы саясат мәселелеріне арналған конференция



 

 

20 жыл  – тарих үшін қас-қағым сәт. Бірақ  қазақ елі   толағай жетістіктерге жетті. Қазақстан халықтарының ауыз бірлігі, ұлтаралық достық әлемді қызықтырып отыр. Жиынға қатысушылар бұны Елбасының салиқалы саясатымен байланыстырды.

 Раиса Полищук, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Жолдауда экономика, саясат, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау салалары толықтай қамтылған. Бір сөзбен айтқанда,  әр қазақстандық елеусіз қалмады. Басты мақсат халықтың әлеуметтік ахуалын жақсарту. Сондықтан жолдауда белгіленген  барлық  тапсырмаларды бір адамдай, бірлесіп жүзеге асыруымыз қажет.

Ғылыми конференцияға қатысушылар негізінен еліміздің сыртқы саясатындағы жетістіктеріне тоқталды. Елбасы мен Отанымыздың халықаралық аренадағы беделі күннен-күнге артып келеді. Бірлігі жарасқан қазақ жері әлемдік діни қауымдастықтардың басын қоса білді. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп, Астана Саммитін өткізді.  Әлем көз тіккен 7-ші қысқы Азия ойындарының елімізде өткендігі де саяси-қоғамдық құбылысқа айналды. Азияның алпауыт елдерінің аламан бәйгесінде топ жару да республикада спортқа үлкен көңіл бөлінетіндігінің  дәлелі. Сондай-ақ ғылыми-тәжірибелік конференцияда  Қазақстанның халықаралық білім кеңістігіндегі орны, Кеден Одағы  құрамындағы болашағы да әңгіме өзегіне айналды.

Жеңіс Ермұқанов