Әр түрлі

Мемлекеттік қызметшілер декларация тапсыруы керек

 

 

 

 

Облыстық салық департаментінің мамандары  Салық кодексінің 185- бабы, 2 тармағы бойынша мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары үстіміздегі жылғы наурыздың 31-не дейін 230-шы  форма бойынша салық декларациясын тапсырулары тиіс екендігін еске салады.  

Жібек Клюкова,  СҚО салық департаментінің бас маманы:
– Мемлекеттік қызметкерлер өз қалауымен жұмыстан шықса, штат қысқартылса, олар декларация тапсырмайды, бірақ жұбайлары мемлекеттік қызметкерлер болса, тапсырады. Декларация тапсырылмады деген жағдайлар: салық органының коды дұрыс көрсетілмесе, сәйкестендіру номері дұрыс көрсетілмесе.

Аталған декларация 3 қосымшадан тұрады. Оның біріншісінде төлем көзінен ұсталатын табыстың жалпы сомасы көрсетілсе, екіншісінде мүлік салығы, жеке меншікте кемінде 1 жыл болған үйдің, жер учаскелері мен көлік құралдары  белгіленеді.

  Жібек Клюкова,  СҚО салық департаментінің бас маманы:
  Криптографиялық кілттерді тексеру қажет, мерзімі шығып кетсе, 21 қосымшасын тапсырып, жаңасын алу қажет.

СҚО бойынша 11 556 мемлекеттік қызметші  бар,  олардың 60 %-ға жуығы тиісті құжатты  тапсырыпты.

 Кәусар Аяпбергенқызы