Балалар

Колледждерде салауатты өмір салты насихатталып жатыр

 

Бұл шара 3 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Колледж директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары жыл сайын Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжіне жиылып, салауатты өмір салтын насихаттау бағытында атқарған жұмыстары жайлы әңгімелейді.

  Рауза Нұрмолдина,  колледждер директорларының  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының  облыстық әдістемелік бірлестігінің өкілі:
– Ең бірінші бесігіңді түзе, сондықтан балабақшадан бастап денсаулығыңды сақта деген тақырыппен біз бүгінгі күні жұмыс істеп жүрміз.
Салауатты өмір салтын насихаттау әрине көп. Бұл тек қана колледжде емес, бүкіл біздің қала, облыс, мемлекетке бір пайда келтіреді деп ойлаймын.

Ирина Литтің баяндамасы мұғалімдердің оқушылар аудиториясында өзін-өзі ұстай білуіне арналды. Ол эмоцияға ерік бермеу, ойды бақылау жағына баса тоқталыпты. Баяндамада күйзелістерден дұрыс шығудың түрлі әдістері ұсынылған.

  Ирина Литт,  Солтүстік Қазақстан кәсіптік- педагогикалық колледжінің әдіскері:
Педагогтарға оқушылармен жұмыс істеуге  мол күш-қуат керек. Бүгін оқытушылар психикалық қысымды жоятын релаксация әдістерімен танысады. Күйзелістен шығуға көмектесетін релаксациялық жаттығулар өте көп. Бүгін осыны әріптестеріме үйретпекпін.

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі студенттерінің салауатты өмір салтын қаншалықты ұстанатындығын спорттағы жеткен жетістіктерінен де көруге болады. Мұнда 5 халықаралық спорт шебері, 15 спорт шебері және 65 спорт шеберіне үміткер тәрбиеленген. Жақында өткен 7-ші қысқы Азия ойындарының чемпионы Аслан Тоқбаев та аталмыш білім ордасының түлегі. Отырыстан кейін қатысушылар осы оқу ошағының шәкірттері әзірлеген гимнастикалық шоуды тамашалады. Студенттер салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған игі шаралар үнемі ұйымдастырылып тұратынын айтады.

  Шынар Хайыржанова, Солтүстік Қазақстан кәсіптік- педагогикалық колледжінің студенті:
– Біздің колледжімізде салауатты өмір салтына   насихаттау үнемі жүріп жатыр. Бізде денсаулық декадасы өтіп жатыр. Бүгін міне гимнастикалық шоу сайысы өтеді. Ертең футболдан  халықаралық сайыс болады.   

Сондай-ақ “Денсаулық” декадасы аясында колледж қабырғасында  ақпанның 23-і күні шағын футболдан турнир өткізілмек.

Айдана Демесінова