Қоғам

Елбасы Жолдауын ұстаздар талқылауда

 
 

 

 

Қазақ классикалық гимназиясы – тәуелсіздік төлі. Гимназияның ашылғанына биыл 15 жыл толады. Елбасы Қазақстан халқына алғашқы жолдауын да осыдан 15 жыл бұрын жасаған.  Әр жыл сайын білім ордасының ұжымы ел үшін маңызды құжатты талқылап, қойылған міндеттерді орындап келеді.

  Күлдарай Қайнетова,  қалалық қазақ классикалық гимназия директоры:

-Гимназияда Жолдауды бірге талқылау, кейін сыныптарда талқылау қолға алынған. Жолдау күні бірге тыңдаймыз, кейін экспресс анализ жасаймыз. Осылайша барлық мектепке тарайды.  

Гимназия басшылығы ұстаздар мен оқушылардың Елбасы Жолдауын  толық білуіне баса назар аударады.  Ал Жолдау бойынша игерілген ақпаратты тексеру үшін тағы да педагогикалық әдістер қолданылады. Ұстаздар бірнеше топқа бөлініп, қойылған сұрақтар бойынша жауаптар әзірлейді. Бұл жолы тренингті бастау мектептің психолог маманы, бірнеше республикалық жарыстарға қатысқан Ғалия Баязитоваға жүктелген.

Ғалия Баязитова, қалалық классикалық гимназия психологы:
үгінде білім сапасы өзгерді. Мұғалімдердің жалақылары өсті, сабақ беру ғылыми жағынан өзгерді. Елбасымыздың Жолдауында айтқаны бойынша әр баланың рухани дамуына көңіл бөлу керек. Бұл ретте “Өзін өзі тану ” пәнінің маңызы зор.

Әр топ Жолдаудағы әр бағыт бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап, міндеттерді атаулары керек. Әрине, тәуелсіздіктің жиырма жылында жеткен жетістіктерге сүйенуге болады.

Гүлбаршын Есмұқанова,  қалалық классикалық гимназия директорының орынбасары:

-Ең алдымен қазақ тілді мектептердің саны артты. Бұл үлкен жетістік.

Тәуелсіздіктің 20 жылында Қазақстан жеткен жетістіктер мол. Ұстаздар қауымы бұл белестер туралы оқушыларға әр сабақ сайын айтып отырады. Себебі бүгінгі оқушылар – ертеңгі елдің болашағы.

Әсем Рахметова