Билік

2010 жылғы даму қорытындылары және алдағы міндеттер

 

 

 

 

 2010 жылдың қорытындысы бойынша ел дамуының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері болжамдық деңгейден асып түскен. Сөйтіп, өткен жылы елімізде ішкі жалпы өнімнің өсімі жеті пайызды құрады. Экономиканың нақты секторы өнеркәсіп өндірісі – 10 пайыз, өңдеу өнеркәсібі – 18,4 пайызға өскен.
2009 жылмен салыстырғанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі де артқан. Өткен жылы бұл көрсеткіш 4,7 трлн. теңгені құрапты. Кеден Одағы  оң нәтиже берді. Былтыр Ресей мен Белоруссияға шығарылған тауар көлемі өскен. Жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайызды құрады. Бұл 2009 жылға қарағанда 1,1 пайызға төмен. Өткен жылы әлеуметтің әлеуетін жақсартуға үлкен көңіл бөлінді. Бұл бағытқа қомақты қаражат бағытталды. Үкімет отырысында биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығына арналған мақсат-міндеттер айқындалды. Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бірінші кезекте бағаның өсіміне жол бермеуіміз қажет деді. Бұл ең бастысы, азық-түлік құнына байланысты. Осы бағыттағы шаралар ерекше назарда болуы тиіс. Сондай-ақ Үкімет басшысы жанар-жағармай бағасын тұрақты ұстау жұмыстарын жалғастыруды жүктеді.Мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген бюджеттік қаржының мақсатқа сай жұмсалуын да қатаң қадағалау қажет. Көктемгі егіс жұмыстары жақындап қалды. Бұл маңызды науқанға дайындық шаралары жоғары деңгейде жүргізілуі шарт. Үдемелі индустриалық-инновациялық даму бағдарламасы биыл жалғасын табады. Оның орындалуына қатысты барлық мәселелер келесі отырыста қаралатын болды. 

  Астанамен байланыс үзілгеннен кейін облыс әкімі Серік Біләлов ведомстволар басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.

Серік Біләлов; СҚО әкімі:  
-2010 жылдың қорытындысы  бойынша әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсімі байқалады. Өңірде і
шкі өнім 97 пайызды құрады. Бюджеттің орындалуы да 97 пайыз. Республикалық қазынадан бөлінген 1 млрд. теңге игерілмей қалды. Енді үстіміздегі жылы бұндай олқылықтарды ескеруіміз қажет. Үкімет басшысы қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруымыз шарт.

Айымгүл Әбілева