Қоғам

Президент сайлауы алдындағы оқыту семинары

 

 

 

2005 жылы аудан тұрғындарының 90 пайыздан астамы Президент сайлауында дауыс беруге келген. Бүгінде ауданда 40 мыңдай тұрғын бар. Саяси маңызды шараның алдында 69 сайлау учаскесі құрылған. Президент сайлауына 23 мыңнан аса азамат келеді деп болжанып отыр.

Сайлаушылар:

ізде сайлауға келу жақсы. Бұл сайлауда да жақсы болады деп ойлаймын.
Біздің сайлау учаскелеріміз жақсы жарақтандырылады. Әдетте сайлауға тұрғындардың 90 пайыздан астамы келеді.

Сайлау учаскелерінің жұмыс кестесі бекітілген. Учаскелердің біразының төрағалары мен хатшылары бұған дейін де осындай саяси шараларды өткізген,  жұмыс тәртібімен таныс, тәжірибелі мамандар. Өткен Президент сайлауын да еш ескертусіз өткізді.  

 
Сергей Заев, М.Жұмабаев аудандық сайлау комиссиясының төрағасы:

-Жұмыс жоспарға сай жүріп жатыр. Комиссия мүшелерінің тізімі жасалып, баспасөзде жарияланған. Дайындық жақсы.

Тренинг өткізген облыстық сайлау комиссиясының өкілдері жұмыста ақау жібермес үшін дауыс беру тәртібіне, парақтарды санауға қатысты бірқатар ақпараттарды жеткізді.

  Сергей Калинин, облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

-Бұл жоспарлар облыстық сайлау комиссиясының жұмыс кестесіне сай жүргізіліп жатыр. Біраз аудандарда болып, комиссия мүшелерімен кездестік. Сайлауға қатысты заңнамалар туралы әңгімеледік. Бұл сайлауда да ескертулер барынша аз болады деп ойлаймын.

Семинар барысында комиссиялар төрағалары мен хатшылары жұмысты ұйымдастыруға қатысты бірқатар сауалдарына жауап алды.

Әсем Рахметова