Энергетика

Қоғамдық тыңдауда – энергетиктер

 

 

 

Екінші жылу-электр орталығының 2010 жылы қалайша қызмет еткені жайлы қоғамдық тыңдауға жиналғандарды кәсіпорын директоры Виктор Бармин таныстырды. Жылу өндіруші тарап техниканың ақауын жөндеп, қайта қалпына келтіру, жаңарту жұмыстарын нәтижелі орындаған. Соның ішінде бу, конденсатор құбырларын ауыстыруда бірсыпыра істер атқарылыпты. Оған 442,9 млн теңге қаржы құйылған.

  Виктор Бармин, 2-ші жылу-электр орталығының директоры:
– Өткен жылы тұтынушыларға өнімді сату құны 10 млрд 728 млн теңгені құрады. Өндірілген өнім шығысы 8 млрд 949 млн. теңге болды. Соңғы мәліметтерге сүйенетін болсақ, 2011 жылдың 1 қаңтарына дейінгі негізгі жұмыстан түскен кіріс көлемі 1 млрд 779 млн теңге.

Қоғамдық тыңдауға жиналғандарды негізінен жылу тарифі толғандырды. Жылу- электр орталығының өкілдері кәсіпорынның ішкі шығындарына байланысты тарифтің өсетінін алға тартты. Жылу- электр орталығының 2011 жылғы жоспары бойынша  кәсіпорынның алға қойған мақсаты көп. Жақында ірі жөндеу жұмыстары қолға алынбақ. Ол үшін 1 млрд 618 млн теңге көлемінде қаржы қажет.  

Гүлден Сәрсенбаева