Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы

 
 

 

 

 

Адамзаттың бірінші байлығы үшін жауапты мамандар өткен жылды оң өзгерістермен қорытындылады. Тек бұл қуантарлық жаңалық халықтың денсаулығы тұрғысында емес, оны сақтауға үкімет тарапынан жұмылдырылып жатқан күш турасында. Өкінішті болса да ақиқат, былтыр 2009 жылмен салыстырғанда адам өлімі артқан. Ал онкологиялық, жұқпалы аурулармен ауыру көрсеткіші біршама төмендепті. Жиынға қатысуышлар ең алдымен 2010 жылы атқарылған жұмыстарды саралады.

  Владимир Безлер, СҚО денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары:
-2010 жылы 121 медициналық құрылғы алу жоспарда болды. Қаңтардың 1-не дейін оның 119-ы алынды. Балаларды емдеу мекемелеріне жалпы құны 132 млн теңгені құраған 30 жабдық сатып алсақ, 143 млн теңгеге туберкулезге қарсы ұйымдар 20 қажетті құрылғымен қамтылды.

Туберкулез бүгінде  алдыңғы шептен көрінетін дерттердің бірі. Жақында онымен күресетін тағы бір диспансер Жамбыл ауданының орталығында ашылды. Бірақ онда маман жетіспейді. 2010 жылы облыстағы ақ халаттылар қатарына небары 2 фтизиатр дәрігер қосылыпты.

Павел Соболевский, облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері:
– Бізге 20 фтизиатр дәрігер, 2 дәрігер-лаборант, 4 ренгенолог жетіспейді. 66 маманның 25 пайызы, яғни 17 дәрігер 23 пен 40 жас аралығындағы мамандар.

 

Петропавлда “Жол картасы” бағдарламасының аясында былтыр облыстық аурухананың 3 бөлімшесі мен 1 емхана толықтай қалпына келтірілді. Ал «Ауылдық жерлерде денсаулық сақтаудағы телемедицинаны дамытуды қамтамасыз ету» жобасының аясында 2010 жылы 537 село тұрғыны телеконсультациядан өтіпті. Ағымдағы жылға белгіленген денсаулық сақтау саласының мақсаты 2011-2015 жылдарға арналған “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру.

Кәусар Аяпбергенқызы