Мәдениет

Суретші-педагогтардың халықаралық конференциясына петропавлдықтар да қатысты

 
 
 Надежда Зуеваның Белоруссияда өткен конференциядан алған әсері мол. Петропавлдағы   бейнелеуөнері лицейінің директоры тәжірибе  алмасуға арналған кездесуден өнерді дамытуға аса қажет әдістемелік оқу-құралдарын ала келіпті. Олардың арасында этюд, акварель, декоративті және   натюрморттар  жасау  технологиясы көрсетілген таспалар да бар.
 

 

 

Надежда Зуева,  “ЮНЕСКО клубы” бейнелеуөнері лицейінің директоры:
-Минскіде өткен суретші-педагогтардың халықаралық конференциясына директорлар, балалар бейнелеуөнері мектебінің әдіскерлері мен оқытушылар шақырылды. Айтулы шараға Ресей, Грузия, Белоруссия, Украина елдері белсене атсалысты. Қазақстандықтар оған алғаш рет қатысты.

Қазақстанның бұндай конференцияға шақырылуы кездейсоқ емес. Жерлес суретшілеріміз әлем деңгейіндегі байқауларға жиі қатысады. “Өз жерімде” атты 5-ші халықаралық байқауда еліміздің қолөнер шеберлері мемлекетіміздің атын асқақтатқан болатын. Үздік еңбектер жинаққа енді. Осындай  жеңістің арқасында үлкен кездесуге жолдама алған жерлестеріміз конференцияда өнерлерін жан-жақты көрсетуге тырысқан.

Надежда Зуева,  “ЮНЕСКО клубы” бейнелеуөнері лицейінің директоры:
Барлық мектептер өздерінің әдістемелік жұмыстарын ұсынды. Әрине, біз де қалыс қалмадық. Себебі авторлық бағдарламаларымыз өте көп. Біз басқалармен сол еңбектерімізбен алмастық.

Надежда Зуева қиылған өрнек жасауды Украина қолөнершілерінен үйренген. Қағаз бетіне ойылған қималар “вытинанка” деп аталады. Надежда қарапайым материалдан жасалған әсем ескерткіштерді жасаудың қыр-сырын енді өз шәкірттеріне үйретпек. Басқа ел педагогтарына солтүстікқазақстандықтардың киізден жасайтын бұйымдары ұнаған.

Гүлден Сәрсенбаева