Білім

Оқытушылар арасындағы байқау

 

 

 

Сайыс екі кезеңнен тұрды. Алғашқысында қатысушылар оқудан тыс жұмыстарын көрсететін бейнероликтерді немесе слайдтарды ұсынуы тиіс болды. Байқау  “Менің педагогикалық философиям”, “Мен – шебермін” және “Жеңімпаз миссиясы” атты 3 бөлімнен құралған. Мұнда ұйымдастырушылардың сайыскерлерге қойған талаптары қатаң. Солардың бірі – мұғалімдердің еңбек өтілі 5 жылдам кем болмауы тиіс.

  Айсұлу Сәрсенбекова,  облыстық  мұғалімдердің біліктілігін арттыру институты  әдістемелік кабинетінің меңгерушісі:
 – Критерийлер: жаңашылдықтың болуы, тәжірибелік маңызы, ғылымилығы, жұрт алдында сөз сөйлеу мәдениеті, жалпы және кәсіптік эрудиция мен құзырлық.

Жарыс облысымыздың кәсіптік лицейлері мен колледждерінің ең үздік 12 оқытушысының басын қосты. Олардың сегізі өндірістік оқыту шебері болса, қалғандары жалпы білім беру пәндерінің мұғалімдері.

 Айсұлу Сәрсенбекова,  облыстық мұғалімдердің біліктілігін арттыру институты әдістемелік кабинетінің меңгерушісі:
 – Байқаудың негізгі мақсаты- облыстық кәсіптік лицейлер және колледждердің өндірістік оқыту шеберлері мен шығармашылық және дарынды жұмыстармен айналысатын педагогтарды анықтап, оларды қолдап, олардың ,біліктілігін  арттыруына ықпал ету.

Салтанат Сәуірбаева М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінің намысын қорғап отыр. Байқауға сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша “Білім беруде нәтижелі еңбек ету” атты педагогикалық концепциялық жұмысын ұсынбақшы. 17 жылдық ұстаздық тәжірибесі бар маман сүйікті шәкірттерінің осындай уақытта барынша қолдап, жәрдемдесіп отырғанына разы.

  Салтанат Сәуірбаева,  сайысқа қатысушы:
-«Бұл  – шебердің үйі» байқауына келген мақсатым – ең біріншіден басқа оқу орындарының ұстаздарымен, оқытушыларымен тәжірибе алмасу  және өзімнің білген- түйгенімді басқаларға көрсету, үйрету, таныту. Дайындалған еңбегімнің бүгін жемісін көремін деген ойдамын.


Жарыста “Үздік оқытушы” және “Өндірістік  оқытудың үздік шебері” номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталады.

Айдана Демесінова