Құрылыс

«Мегалайнның» жиырма бес мыңыншы пайдаланушысы



 

Ғаламтор арқылы достарымен хабарласып, төрткүл дүниедегі жаңалықтарды біліп отырғанды жақсы көретін Евгения Сомова ноутбукқа ие болды. Енді ол дербес компьютермен кез-келген жерден байланысқа шыға алады. Евгенияның интернет мүмкіндіктерін өз керегіне жаратып жүргеніне біраз болып қалыпты. Ал 2010 жылдың желтоқсан айынан “Мегалайнның” қызметін пайдаланып келеді. Тәулік бойы үзіліссіз ғаламторда болуды қамтамасыз ететін бұл байланыс құралы Евгения мен оның жолдасы Дмитрийдің барлық сұранысын қанағаттандыратын көрінеді.

  Евгения Сомова, Петропавл тұрғыны:
Біз акция аясында бұл жүйеге тегін қосылған болатынбыз. Ол үшін «Қазақтелеком» қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Жеңімпаз атандыңдар дегенде басында сенбедім. Қуанышымда шек жоқ. Маған бұл жүйеде «Мегалайнның» шапшаңдығы ұнайды. Қалаған сайтқа бірден кіресің. Бағасы да қалта көтерерлік.

“Қазақтелеком” АҚ “Мегалайн” жүйесін өңірімізге 2005 жылдан бастап енгізген. Алғашқы жылы ғаламтордың қызығын көрушілердің саны 155 болатын. Енді міне  заманауи байланысқа бет бұрғандар 25 000-ға жетіп отыр. Пайдалы, сапалы, әрі қол жетімді жүйе бірнеше тарифтік жоспар бойынша жұмыс істейді. Соның ішінде “Мегалайн хит” жоғары сұранысқа ие.

  Наиля Першина,  “Қазақтелеком” АҚ СҚО филиалының коммерциялық директоры:
– «Мегалайн хит» тұтынушылары өте көп. Бүгінгі жеңімпазымыз да сол жүйені қолданады. Оның айлық құны 4 260 теңге. Қолдану уақыты мен тарифте шектеу жоқ. Жалпы байланыстың өзіне келсек, «Мегалайнның» барлық қызметі қорғалған. Яғни, тұтынушылар алдында сапа үшін жауап береміз.

Бүгінгі таңда “Мегалайнды” аудандық жерлерде қолданушылар қатары да қалыңдауда. Мәселен, қазіргі кезде “Қазақтелеком” АҚ 200-ге жуық ауылға тұрақты қызмет көрсетіп келеді. Айту керек, ғаламторға қосылушылардың 90 пайызы жеке тұлғалар.

Гүлден Сәрсенбаева