Мәдениет

Александр Герасимовтың жеке көрмесі

 

 

 

Өзін Владимир Гачинскийдің шәкірті деп есептейтін Александр Герасимовтың осы күнге дейін оннан астам ұжымдық  және 4 жеке көрмесі өткізілген. Ал бүгін  5-ші жеке көрмесі ұйымдастырылуда. Айта кету керек, соңғы жылдарғы дәстүр бойынша Александр Герасимов шағын жеке көрмесін  20 ақпандағы өзінің туған күніне орайластырыпты.

  Жұлдызай Иманбекова, мұражай қызметкері:
–  Біздің мұражайымызда ұйымдастырылған көрмеде сіздер Герасимовтың 30-дан астам туындыларын көре аласыздар. Александр Герасимовтың салған суреттері жылдан-жылға көбейіп, жылдан-жылға өсуде.  

Акрил бояуы қолданылған  “Әуе тыныштығы” шығармасы өнер иесінің сүйікті еңбектерінің бірі.  Александр Герасимов бейнелеу өнерінің көптеген түрлеріне қызығушылық танытып отыр.  

  Александр Герасимов, суретші:
– Мен бар ойымды туындыларым арқылы білдіремін. Сөзбен айту қиын. Егер мен барлық сезімімді, ойларымды сөзбен жеткізсем, суретші емес, жазушы болар едім. Барлығын түрлі-түсті бояу арқылы жеткізгім келді. Қонақтарға ұнайды деген үміттемін.

Өңіріміздің атақты суретшілері Валерий Савельев және Владимир Гачинский көрменің құрметті қонағы болды. Аға буын өкілдері жас суретшінің дарындылығы жылдан- жылға артып келе жатқандығын айтады.

  Валерий Савельев, суретші:
– Александр арнайы білім алмаса да, өзіндік көзқарасын, ойларын суреттер арқылы жеткізеді. Оның шығармалары философиялық десек те болады. Туындыларын әркім өздігінше көреді, әрбірі өзіндік ой түйеді.  

Өнер туындысын әркім өзінше қабылдайды.  Александрдың суреттері терең филосософиялық ойға құрылғандықтан , көпшілік  түсіне бермейді. алмайды. Дегенмен, көрме жастардың көңілінен шықты

Көрермендер:

-Көрме маған қатты ұнады. Әр суреттің өзіндік ерекшелігі бар. Суреттер көзді еріксіз тартады.
–  Көбіне мына “құбырлар натюрморты” суреті ұнады. Неліктен ұнайтынын да айта алмаймын. Ерекше  сияқты
– Маған мына сурет ұнап тұр. Оған ашық түстерді қолданыпты. Бірден көзге түседі. Көңіл де көтеріледі. Сатылса, оны сатып та алар едім.

 Айдана Демесінова