Білім

Өрт сөндіруші боламын десең …

 

 

 

 

 

Көкшетау техникалық институты  –  өрт сөндіру қызметінің инженерлерін даярлайтын Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны. Бұл мамандықты таңдаушылар бүгінде аз емес көрінеді. Олардың қатарынан солтүстікқазақстандықтар да табылады.  

Тұрсын Балқыбеков, Көкшетау техникалық институтының кадрлар және тәрбие ісі жөніндегі бөлімінің бас маманы:
– СҚО-дан жылына 1 орынға кемінде 3-4 түлек таласады. Олар басқалардан жақсы физикалық дайындықтарымен ерекшеленеді, ұпайлары да әдетте жоғары. Биыл да солай болады деп ойлаймын.
 

4 жылдық оқудан соң өрт сөндіру қызметінің инженері мамандығының дипломы мен лейтенант атағын, кейін міндетті жұмыс орнын тауып беретін институтқа жасы 17 мен 25 аралығындағы түлектер түсе алады. ҰБТ-да 5-ші пән ретінде физиканы таңдау  қажет. Ұпай нәтижесінен бөлек жігіттердің  физикалық даярлықтары тексеріледі.  Көрсетілген слайд пен пайдалы мәліметтерден соң қыздар осы оқу орнына түсуге қызғушылық таныта бастады.

  Екатерина Смирнова:

-Біз оларға рақмет айтамыз. Жігіттеріміз сонда түскісі келеді. Мен өзім де түскім келді, бірақ өкінішке қарай онда қыздарды алмайды .

Жыл сайын ең үздік 7 курсант Мәскеудегі төтенше жағдайлар министрлігінің академиясына оқуға жіберіледі. Бұл мәлімет оқушыларды тіптен қызықтырды.

Дінмұхамед Төлегенов:
-Мен болашақта полицей боламын деп жоспарлап жүргенмін. Мына жиыннан кейін ойланып қалдым. Бұйырса, өрт сөндіруші болып қалуым да ғажап емес.

Құжат қабылдау маусым айында басталады.

Кәусар Аяпбергенқызы