Бизнес және экономика

Петропавлға Қырғызстаннан көкөністің кезекті партиясы жеткізілді

 

 

 

 

 

“Қызылжар-Ақбастау” коммуналдық базарының көкөніс қоймасында қырыққабат, сәбіз, қызанақ пен сарымсақ жеткілікті көлемде. Бұл сақталған дәруменді өнім қалалық әкімдік жасаған келісім аясында Қырғызстаннан Петропавлға тікелей делдалсыз жеткізілген болатын. Әсіресе алғашқы партиядан қалта көтерерлік бағамен саудаланған картопқа сұраныс көп болып, өнім лезде өтіп кетіпті. Сондықтан тура тасымалданатын екінші лекте тек картоп жеткізілді.

 Евгения Сальникова,  қалалық  кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы:
– Біз жалпы 120 тоннаға келісім жасаған едік. Бүгін 30 тонна картоп жеткізілді. Қоймадағымен қосқанда 110 тонна болды. Өнімнің өтуіне байланысты әріптестік қатынасты ұзартып, Қырғызстаннан көкөністі бір қолдан жеткізуді жалғастыратын боламыз.  

Өнім коммуналдық базар мен “Шапағат” дүкендерінің сөрелеріне түсетін болады. Ал сенбі күндері “Алтын арман” , “Дария” және “Корона” сауда үйлерінде өтетін жәрмеңкеде де саудаға шығарылады. Картоп пен пияздың келісі – 115 теңге, қырыққабат  – 110, сәбіз   85 теңгеден сатылуда.

Евгения Сальникова,  қалалық  кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы:
–  Бұл жұмыс азық бағасын тұрақтандыруға септеседі. Әсіресе көтерме сауда базарларында бүгінде көкөністің құны біршама төмендегені байқалады. Енді алыпсатарлар бағаны шамадан тыс көтере алмайтын болды.  

Енді петропавлдықтардың үлкен сұранысына ие болған көкөніс тұрақты түрде жеткізіліп тұратын болады.

Жеңіс Ермұқанов