Бизнес және экономика

Алкоголь өнімдерін сатудың жаңа ережесі

 

 

 

 

 

СҚО бойынша салық департаментінің мамандары этил спирті, алкоголь өнімдерін сату мен тасу бойынша жөнелтпе құжаттарды ұсынуда бірнеше ережелердің енгізілгенін айтады. Атап айтсақ, бұл тауарларды рәсімдеуде, оған тапсырыс жасауда, есепке тұрғызу мен сақтауда мынадай ерекшеліктерді ескерген жөн.

  Нәби Байбосынов,  СҚО бойынша салық департаментінің жанама салықтар басқармасының бас маманы:
-Алкоголь өнімдеріне арналған жөнелтпе құжаттар өкілетті органдардың серверіне жөнелтілгеннен кейін екі дана болып басылуы тиіс. Оған басшы мен есепшінің қолы қойылады. Сонымен қатар жеткізуішінің мөрі басылады.

Жөнелтпе құжаттың екі данасы келесі мәселені шешу үшін қажет.

  Нәби Байбосынов,  СҚО бойынша салық департаментінің жанама салықтар басқармасының бас маманы:
– Жөнелтпе құжаттардың бірінші данасы этил спирті мен алкогольді тасымалдаушыға беріледі. Ол құжат тауарды көзделген жерге дейін жеткізуге қажет болады. Кейін ол қағаз өнімді алушының қолына табыс етіледі. Ал екінші дана жеткізушіде қалады.

Өнімді алушылар жөнелтпе құжатты рәсімдеген күннен бастап 15 тәулік ішінде салық төлеушінің кабинетінде электронды түрде тауарды алғандарын растайды. Егер де құжат дұрыс рәсімделмесе, ол өз күшін сол күннен бастап жояды. Ондай жағдайда жөнелтпе құжатты қайта жасау қажет. Ал шарт орындалмаса, кәсіпкерге айыппұл салынады. Жеке тұлға  -20,  заңды тұлғалар -70,  ал ірі кәсіпке ие заңды тұлға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.

Гүлден Сәрсенбаева