ТКШ

“Петропавл су” АҚ ауыз суды тазартудың жаңа әдісін енгізбек

 

 

 

2009-2010 жылдары “Жол картасы” бағдарламасының аясында су-канализация жүйелерін  жөндеуге, қайта тартуға 1,2 миллиард теңге бөлінген. Осының нәтижесінде облыс орталығында 18 шақырым су жүйесі жаңартылған. 2 шақырым канализация құбырлары қайта тартылды. Солтүстік аудандағы коллекторда күрделі жөндеу жүргізілді. Ал биыл  ауыз суды тазартудың жаңа әдісі енгізілмекші.

  Олег Пономарев,  “Петропавл су” АҚ президентінің орынбасары:

-Бүгінде біз суды тазартудың жаңа технологиясын енгізуді қарастырып жатырмыз. Яғни, коагулянттан бас тартпақпыз, осының арқасында судағы хлорды азайтамыз. Бұл әдісті көршілес Қарағанды облысы қолдануда. Жақында байқау жарияладық, үш ай көлемінде су тазартудың жаңа әдісі толық енгізіледі деп ойлаймыз.

Жаңа әдіс қаржылық жағынан да тиімді көрінеді. Үстіміздегі жылы күрделі жөндеу жұмыстарына кәсіпорын 100 миллион теңге бағыттауды жоспарлап отыр. Осылайша желідегі апатты жағдайларды азайту көзделген.

  Олег Пономарев,  “Петропавл су” АҚ президентінің орынбасары:

-Өткен жылы апатты жағдайлар 2005 жылмен салыстырғанда 60 пайызға кеміген. Яғни, жүйелердің жаңартылып жатқандығы байқалады. Әрине, өткен ғасырдың 60-70 жылдары төселген құбырлар тозады ғой.

Елбасы жолдауында көрсетілген таза ауыз су мәселесін шешу үшін кәсіпорын ұжымы жылдан жылға күрделі жөндеу ауқымын да кеңейтпекші. Кәсіпорынның материалдық базасын жаңарту да жоспарда бар.

Берік Әбілев, “Петропавл су” АҚ слесарі:

-“Петропавл суда” көп жұмыс атқарылып жатыр халыққа таза ауыз су болу үшін. Жөндеу жүргізіліп жатыр. Елбасы айтқандай халықтың табысы көбейіп жатыр.

Кәсіпорын басшылығы алдағы онжылдықта 25 шақырым канализация, 60 шақырым су жүйесін жаңартуды жоспарлап отыр.

Әсем Рахметова