Билік

Нұрсұлтан Назарбаевты қолдауға арналған қоғамдық штаб

 

 

 

 

Жетекші партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлібек Қартов көпшілікке Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдауға арналған штаб құрылғанын жеткізді. Штаб кезектен тыс Президент сайлауы алдында тиісті шараларды жүзеге асырады.  
Штабтың алдында үлкен міндеттер тұр. Алдағы күндері кандидаттың сенімді тұлғаларының тізімі бекітілмек. Әр сайлау округінде үш сенімді тұлға партияның бірінші басшысының сайлауалды бағдарламасын халыққа жеткізбек. Қол жинау ісі де тиісті деңгейде жүргізілуі керек. Сайлаусыз-ақ референдум өткізуді қолдаған солтүстікқазақстандықтар бұған дейін 230 мыңнан аса қол жинаған. Сондықтан штаб мүшелелері жерлестердің бұл жолы да қарап қалмайтынына сенімді.

  Григорий Кухарь, Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық штаб жетекшісінің орынбасары:

– Бүгінде , әрине, 98 пайыздық көрсеткіш көрсетуіміз керек дей алмаймыз. Бірақ  2005 жылғы сайлаудан көбірек дауыс жинау керек деп ойлаймын. Өткені 6 жылдың ішінде біраз дүние өзгерді. Айтулы оқиғалар орын алды. Ең бастысы халықтың әл-ауқаты жақсарды.

Штабтың бастауыш ұйымдары аудандар мен ауылдарда жұмыс істейтін болады. Партия филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау жүргізу де жоспарланған.