Қоғам

Әйелдер форумы

 

 

 

Форумға жиылған әйелдер – бүгінде қоғамдық және саяси өмірге барынша белсенді араласып жүрген нәзік жандар. Олар отбасының ұйытқысы болып, саясатта, бизнесте, өзге де бағыттарда қажырлы еңбек етіп, өз біліктіліктерін, іскерліктерін барынша танытып келеді.  Бүгінде мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне әйелдер қауымы ер-азаматтармен қатар сүбелі үлестерін қосып келеді. Біздің облыста мемлекеттік қызметшілердің жартысынан астамы нәзік жандар. 240 үкіметтік емес ұйымның алпысына әйелдер  жетекшілік етеді. Халықтың қамын жеп жүрген депутаттар да баршылық. Соңғы үш жылда өңір әйелдері ерекше белсенділік танытып, қоғам өміріне қызу араласуда. Нәзік жандар ер- азаматтармен қатар белсенді еңбек етіп, үлкен табыстарға жете алады деген пікірде форумға жиналғандар. Бүгінгі әйел жан-жақты болуы керек. Мемлекет игілігі үшін аянбай еңбек етуі қажет дейді Зеленый гай селолық округінің әкімі Гүлбаршын Бәтенова. Екінші жағынан, аяулы жандар отбасының ұйытқысы екенін де ұмытпағандары  жөн.

  Гүлбаршын Бәтенова, Зеленый гай селолық округінің әкімі, Тайынша ауданы:
-Әйелдер батыл, қажырлы болуы керек дегім келеді. Мен сегіз жыл округ әкімі болып еңбек етіп жүрмін. Әрине, қиындықтар болады, оны жеңу керек, мойымау керек.

Форумға жиналған әйелдер алдағы күннің маңызды мақсат-міндеттерін де айқындады. Алда ауқымды істер күтіп тұр. 2011 жылы облыста саясаткер әйелдердің клубы құрылмақ. Қайырымдылық шаралары жалғасын табады. Ал бірінші кезекте , өңіріміздің белсенді азаматшалары Елбасы Жолдауында жүктелген міндеттерді орындауға білек сыбана атсалыспақ.

 Айымгүл Әбілева