Әр түрлі

Жер телімі үшін салық

 

 

Жылдың бірінші тоқсанында өтелетін салық түрі мол. Солардың бірі –  жер телімін пайдаланғаны үшін   төлем.

  Жаңыл Қабдөшева,  СҚО салық департаментінің бас маманы:

-Жер ресурстары басқармасы мен жерді пайдаланушылар келісім жасайды. Жерді пайдаланушылар жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар.

Аталған шартта жер телімін пайдаланғаны үшін төлем көлемі көрсетіледі. Бірақ  бұл келісімді жер ресурстары басқармасымен жасап үлгермегендер уақытты созбай, салық органдарында төлемді есептетіп, ақпанның 25-не дейін өтей алады.

  Жаңыл Қабдөшева,  СҚО салық департаментінің бас маманы:

– Мысалы, 20 шаршы метр гаражды алайық. Оны базалық 5,79- ға көбейтеміз, 50 пайыздық ставкаға көбейтеміз, 20 пайызын қосамыз. Сонда 208 теңге шығады.  

Ал жер телімін ақпанның 25-нен кейін жалға алғандар келесі айдың 25-не дейін бұл салық түрін төлеулері керек екен. Өткен жылы аталған салық түрін облыстағы 7 мың 463 жеке тұлға мен кәсіпкерлер өтеген. Бюджетке 390 миллион 200 мың теңге түскен.

Әсем Рахметова