Балалар

Бірінші ханымның мерейтойына арналған фестиваль

 

 

 

 

Ана үшін ең қымбат сый қашан да баланың қолымен, пәк махаббатпен жасалған зат болмақ. Фестивальге арнайы келген отбасылық үлгідегі балалар ауылы, жетім балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің қиялынан туған туындылар тұтас көрмеге айналды. Оның өзінде мұнда барлық жұмыстар қойылмаған. Ең жоғары бағаланған қолөнер туындылары қазір Сара Алпысқызының жеке көрмесінің сәніне айналды. Сондай еңбектің бірінің авторы Әлібек Шұғайыпов.

  Әлібек Шұғайыпов,  Ғ.Мүсірепов атындағы өнер мектебінің оқушысы, Ғ.Мүсірепов ауданы:
-Жүрек жасадық, оның ішінде бесік бар. Біздің Сара Алпысқызы сияқты мейірімді ананы бейнеледік.

Әлібектің 2 күн ішінде жасап шыққан еңбегі облыстық сайыста гран-приді иеленіп Астанаға жолдама алды. Ал әлі сиясы кеппеген суреттерден де қамқор ананың мейірімді бейнесін көруге болады. Дәл осындай кейіпте ол әр баланың жүрегінде сақталған. Фестиваль сондай кішкентай жүректерді жарып шыққан әуезді әсем әндер, көркем билер, тәтті тілден шыққан өлеңдерге жалғасты.
 
Орал Сеңкібаева
, CҚО балалар құқығын қорғау департаментінің бөлім бастығы:
Сара Алпысқызы өте көп жұмыс жасап жатыр. Соған алғыс ретінде бүгін балалар өз суреттерін, шығармаларын әкелді.  

Петропавлдағы № 20 орта мектеп Сара Алпысқызы ұсынған «Өзіңді-өзің таны» сабағын алғаш болып сынақтан өткізгендердің бірі. Махаббат пен мейірімділікке, достық пен кішіпейілділікке баулитын пәнмен 1-сыныптан танысқан оқушылар бұл әдістің берері мол дейді.  «Өзіңді-өзің таны» сабағынан ғибрат алып жүрген «Петушок» балабақшасының   кішкентай бөбектері де өнерлерін көрсетті.

Кәусар Аяпбергенқызы