Мәдениет

Анна Германды еске алу концерті

 

«Танцующие эвридики» әнін Анна Герман 28 жасында алғаш рет орындапты. Бұл туынды оның даңқының асқақтауына мол септігін тигізген болатын. Сондай-ақ әнші репертуарындағы «Надежда», «Гори гори, моя звезда», «Когда цвели сады», «Эхо любви», «Белая черемуха» композициялары да оның шығармашылығында маңызды туындылар болды

 

.

  Раушан Ысмайылова,  СҚО Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының бас маманы:
-Бүгінгі «Я- эхо» атты қайырылымдылық концерттік бағдарламасы еліміздің 2011 жылғы бас мерекесі – ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығының аясында өткізіледі. Себебі  барлық халықтың бірлігі, достық, келісім және құқықтық теңдігі – Қазақстанның тәуелсіздігінің негізі.

Концертте Анна Германның әндерін Петропавлдың жас вокалистері орындады. Олар әншінің дауысы жігер беретіндігін айтып, шараға қатысқандығына қуанып отыр.

  Анастасия Высоцкая,  “Мария” вокалдық тобының көркемдік жетекшісі, Қызылжар ауданы:
-Анна Герман әсемдік пен нәзіктіктің символы  іспеттес. Оның композицияларын орындау үлкен мәртебе. Әрине мұндай дауыстан кейін әндерді айту – қорқыныш сезімін тудырып отыр. Алайда осындай ұлы адамды еске алу үшін өз үлесімді қосқым келеді.

Өнер иесінің өмірден өткеніне 30 жыл өтсе де, оның сыңғырлаған әсем дауысы халық жадында мәңгі сақталған. Концерт – жұрттың көңілінен шығып, жиылғандар жақсы әсер алып тарқасты.

 Көрермендер:
– Анна Германның әндерін бұрыннан тыңдап келеміз. Мен бұл әншіні ұнатамын. Оның дауысына тамсанбай қоймайсың.
– Анна Германды жас кезімізден танимыз. Концерттен жақсы әсер алдым.

Айдана Демесінова