Білім

Сара Назарбаеваның мерейтойына арналған концерт

 

 

 

 

Сара Назарбаеваны Қазақстан халқы ең алдымен ана ретінде таниды. Қамқор, жанашыр ана бүгінде елдегі әрбір баланы құшағына басып, аналық махаббатын   молынан сыйлап жатыр. Ол ашқан “Бөбек” қоры жетімдерге пана болса, жүрек жылуы мен рухани-адамгершілік  тәрбиесін Сара Алпысқызы “Өзін-өзі тану” пәні арқылы таратып жатыр. Соның жемісі бүгінгі оқушылардың әр сөзінен білінеді.  №7 орта мектепте оқу жоспарына былтыр ғана енгізілсе де “Өзін-өзі тану” оқушылардың сүйікті пәндерінің біріне айналыпты. Аптасына 1 рет өткізілетін аталмыш сабақ тек жақсы қасиеттерді ғана насихаттайды дейді оқушылар. Сабақтан тыс балалар арасында сурет, қолөнер, видео, аудиоконкурстар өткізіліпті. Концертте жеңімпаздарға марапаттау қағаздары тапсырылды. Шөбересінің өнерін тамашалауға келген соғыс ардагері Андрей Плешаков мұндай игілікті шарадан көңілі шалқып қайтты.

  Андрей Плешаков,  ҰОС ардагері:
із мектепте өте аз пәндер оқыдық. Бүгінде балаларды жақсы тәрбиелеп, адалдыққа, достыққа, кешірімділікке баулитын мынадай сабақтың барына қуанып отырмын. Болашақ үшін алаңдамауға болатындай екен.

Ертеңгі күні әр сынып осы тақырыпты сынып сағатында жалғастыратын болады.

 Кәусар Аяпбергенқызы