Спорт

Азиада жеңімпазы студенттермен кездесті

 

 

 

 

Аслан Тоқбаев Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжін 2006 жылы тәмамдаған. Электрші  мамандығын меңгерген спортшы  қазір білімін Қазақ Мемлекеттік агротехникалық университетінде жалғастыруда. Аслан оқу ордасында өткізген кездерін ыстық ықыласпен еске алып, бұрынғы оқытушыларымен қайта қауышып отырғанына разы. Шынар Хайыржанова да спортқа бет бұрған жастардың бірі. Студент осындай мол жетістіктерге жеткен азаматтарды  тәрбиелеген білім ошағында тәлім алып жүргенін зор мақтанышпен айтады. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысындағы күрес федерациясының президенті, күрес бойынша спорт шебері Бауыржан Құлжанов пен пауэрлифтингтен халықаралық спорт шебері Руслан Далабаев та колледждің құрметті қонағы болды. Бұлар да аталмыш білім ошағының түлектері екен. Спорт тарландары өңірімізде спорттың жанданып, жоғары қарқынмен дамып келе жатқандығын тілге тиек етті. Жалпы осы күнге дейін Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжі 5 халықаралық спорт шеберін, 15 спорт шеберін және 65 спорт шеберіне үміткерді тәрбиелеп шығарды.

Айдана Демесінова