ТКШ

Қарды бей-берекет төгушілерге қарсы күрес



 

КАМАЗ жүргізушісі патрульдік көлікті көргендіктен қарды көздеген жеріне төкпей кетті. Бұл жер қар төгушілердің сүйікті орнына айналған. Үйінді Ғ.Мүсірепов көшесіндегі қаланың өндірістік бөлігінде пайда болыпты. Мұнда күніне ондаған көлік келіп, қоқыс аралас қар төгіп кетеді.

  Руслан Мақашев,  қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы:
– Жұмысшы кентінде заңды түрде қар төгуге рұқсат етілген арнайы қоқыс бар. Құрметті тұрғындар, қарды сондай белгіленген жерлерге ғана төгулеріңізді сұраймыз.

Көбіне белгіленбеген жерлерге қарды жеке мекемелер, кәсіпорындар мен тұрғындар шығарады. Бірақ оның арты неге әкеліп соқтыратынын ешкім ойламайды. Көктемде бұл аймақты су басып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары жол полицейлерімен бірлесіп жолдарды торуылдауға мәжбүр.

 Құрман Мусин, Петропавл ІІБ 1-бөлімінің учаскелік инспекторы:
-Не бары 2 күн ішінде біз 38 800 теңгеге 5 әкімшілік хаттама толтырдық. Заңның 387- бабы, 1-бөліміне сәйкес жеке тұлғаларға 20 АЕК, лауазымды тұлғаларға 20 АЕК-ден жоғары көлемде айыппұл салынады.  

Айыппұл төлеуді қажет етпейтін арнайы орындар бола тұра, қар белгіленбеген жерлерге, қала сыртындағы жолдардың шетіне төгілген. Айтқандай, көп жағдайда көлік жүргізушілері өз ұйымдарының атауын айтпай, жеке өздерін таныстыратын көрінеді.

 Кәусар Аяпбергенқызы