ТЖ

Жолдардағы сақтандыру шаралары

 

 

 

 

Бүгін таңғы сағат 11-ден Ғ.Мүсрепов,  Жамбыл, Тимирязев, Айыртау аудандарында боранның күшеюіне байланысты  барлық трассалар жабылды. Аталған елді мекендердің тұрғындарына жолға шығуға мүлдем тыйым салынған.

 Совет Ысмайылов, СҚО ІІД ЖПБ бөлімінің бас маманы:
 – Өңірде алдағы тәулікте ауа райы -35 градусқа дейін суытады деген болжам бар. Сынап бағанасы күрт төмендеп, бет қаратпас аязбен қатар түк көрінбес қатты дауыл болады деп күтілуде. Егер де жүргізушінің көру қабілеті 30 метрден аспаса біз жолдарды жауып, көлік қатынауына шектеу қоямыз.
Бұндай төтенше жағдай көпке созылмайды. Әрі кетсе екі күн жалғасуы мүмкін.

Әзірге қаламыздың оңтүстік қақпасындағы бекетте жол ашық. Көлік нысандары еркін қатынап жүр. Десе де жол сақшылары жүргізушілерді төтенше жағдайға тап болмасын деп тоқтатып ескертіп жатыр. Сақтансаң сақтармын демекші, көлік иелерінің өздері шұғыл шаруа болмаса, жолға шықпаған дұрыс дейді.

 

Марсель Ғұбайдулин,  жүргізуші:
– Жақын жерге барамыз қауырт  жұмыстармен.
Ал былай жайшылықта шыға қоймаймыз. Қатты боранда асықпай жылдамдықты көбейтпей айбайлап жүру керек. Алысқа шықпаған дұрыс.

  Ырысбек Шалабаев,  жүргізуші, Тараз қаласы:
-Өзім Тараздан келе жатырмын.
Алыс жолда асықпаймын. 50-60 жылдамдық . Тамақ бәрі бар, қалың киім, аяқта пима. Керек жабдықтың бәрі бар.

Дауыл басылғанша жол сақшылары мен төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары тәулік бойы кезекшілік атқарып, негізгі жолдарды күшейтілген режимде күзететін болады. Бұл жұмыстарға арнайы техника да тартылмақ.

Жеңіс Ермұқанов